Бүгін Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Келес аудандық филиалының ақпараттық-насихаттық тобының ұйымдастыруымен Келес ауданы Біртілек ауылдық округі этностар тығыз шоғырланған Шұқырсай елді мекенінде «Аудан аумағындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету», «Қоғамдағы этносаяси ахуал тұрғындардың көңіл күйі», «Не себептен бүгінгі таңда дінге деген көзқарас өзгере түсті?», тақырыптары бойынша түсіндіру және әлеуметтік зерттеу жұмыстарын іске асыру мақсатында өңір тұрғындары арасында кездесу өтті.
Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Келес аудандық филиалының басшысы С.Назаров, Келес аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Қ.Әшірбаев сондай-ақ ауыл тұрғындары, ЭМБ-нің төраға және мүшелері, , дін саласындағы өкілдері, ауыл ақсақалдары, көше билері және белсенді тұлғалар қатысты.
Қоғам тұрақтылығының басты факторларының бірі – дінаралық және этносаралық тату-лықты дамыту. Бұл өз кезегінде ұлттық қауіпсіздіктің негізгі бөлігі. Қоғамның дамуы – кез келген азаматының көзқарастары мен нанымдарына төзімділікпен және құрметпен қарауға негізделген. Осылайша, Қазақ елі ұлтаралық және дінаралық татулықтың өзіндік қайталанбас үлгісін қалыптастырған.
Қазақстан – ұлан-байтақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келген мемлекет. Осындай саналуандыққа қарамастан, бүгінгі күні мемлекеттік және әлемдік масштабтағы ресми өкілдер орталарында Қазақстан этносаралық және конфессияаралық келеңсіздіктері жоқ санаулы ғана «оазистердің» бірі болып табылады деген түсінік қалыптасты.
Еліміздегі ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтыруда маңызы ерекше болған нәрсе – дәстүрлі сипатқа сай Ислам, христиан және иудейлік діндердің бойында жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтарының болуы. Бұл дәстүрлі діндер Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында және шаңырағы шайқалмай, қауіпсіз өмір сүруінде маңызды рөл атқарады: олар қоғамымыздағы достықты қарым-қатынасты, өзара құрмет пен түсінісушілікті нығайтуға қызмет етеді. Еліміздің биік мінберлерінен айтылған осындай ойларды халыққа түсіндіріп, Қазақстан көне заманнан бері сан алуан мәдениеттер мен діндердің тоғысқан мекені болғандығын, ел аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороастризм, манихейлік, буддизм, христиан және ислам сияқты әртүрлі нанымдар бейбіт қатар өмір сүргендігін, яғни конфессияаралық келісім ісінде ата-бабаларымыздан аманат боп қалған игі дәстүрлердің әу бастан-ақ болғандығын баяндайды.
Жиын барысында жоғарыда аталған тақырыптарға сәйкес сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп, жиналғандар тиісті деңгейде ұсыныс пікірлерін ортаға салды.