Медиация - бітімгершіліктің озық үлгісі

image.png

«Қоғамдық келісім» КММ-нің Келес аудандық филиалының ұйымдастыруымен, филиал жанындағы кәсіби емес медиатор О.Егембердиев, жергілікті тұрғындардың даулы мәселелерін сотқа жеткізбей медиация тәртібімен қарау туралы жұмыстары бойынша жеке қабылдауын өткізді. 

Іс – шарада жергілікті тұрғындардың даулы мәселелерін сотқа жеткізбей қарау туралы мәліметтер беріліп, осындай тәлімдік шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатындығы айтылды.

Медиация жүйесінің тынысы кеңіп, көбірек қолданысқа енуіне, жан жақты жетілуінде еліміздің Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы зор.

Еліміздің түкпір түкпіріндегі Ассамблеяның Достық үйлерінен ашылған медиация кабинеттері арқылы ел ішінің береке бірлігін сақтауға қолданып, медиация жүйесін әртүрлі жағдайларда қолдану арқылы медиация институтын қалыптастыра білді. Дегенмен Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл жетістікпен тоқтап қалмай алдағы уақытта бітімгерлік қағидатын тағы дамыта түсуді көздеп отыр.

Атап өтер жайт, Қазақстан халқы Ассамблеясы дегенде көз алдымызға береке бірлігі жарасқан, жүзден астам ұлттың бір шаңырақ астында тату тәтті, бейбіт өмірі елестейтін болды. Өйткені құрылғалы бері Қазақстан халқы Ассамблеясы халықтың біртұтастығын, елдің ынтымағы мен бірлігінің сақталуын насихаттап келеді. Сондықтан медиация секілді бітімгершілікке шақырған жүйені де қолдап, насихатын арттырған осы ұйым болып отыр.  Сөзіміздің дәлелі ретінде айта кетсек, Қазақстан халқы Ассамблеясы соңғы 4-5 жылда 150 мыңнан астам адамның шағымдарын сотқа жеткізбей шешімін тауып, мәмілеге келтіруге көмектескен көрінеді. Яғни 150 мыңнан астам іс сотқа жетпей, «қол сынса жең ішінде, бас сынса бөрік ішінде» қағидатымен шешімін тапқан. Бұл шын мәнінде үлкен жетістік. Ал егер осы іс сот арқылы шешілетін болса, сот істерінің санын арттырып, соттардың жүктемесін көбейтіп, қаншама уақыт пен қаржыны шығын етіп, ең бастысы ел іші ала тайдай бүлініп, халықтың ауызбіршілігінің қашуына ықпал етер еді. Сондықтан медиацияның Ассамблеяда қолданыла бастауының оң нәтижесі айтарлықтай сезілді.

О баста қазақ халқының салтында бар бітімгершілік 2011 жылы құқық қорғау саласында медиация институты ретінде енгізілді. Іле шала Қазақстан халқы Ассамблеясысының бұл бастаманы қолдауы осылайша бүгінгі күні медиацияның екінші тынысын ашып отыр. Бұл Ассамблеяның татулықты ту қылып ұстауының бір көрінісі болса керек!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер