«Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ақсукент ауылында орналасқан Сайрам аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында 25.04.2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын және Түркістан қаласында 21.05.2024 жылы өткен «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясындағы тапсырмаларды насихаттау бойынша ақпараттық-насихаттық тобының аурухана ұжымымен кездесуі өтті.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы және аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Есалиев Мұрат Мырзатайұлы қатысты.
Базарбай Мамадиярұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиядағы айтылған негізгі мәселелерге тоқталды.
Қазір елге қауіп төндіріп тұрған бес кесел бар. Нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу қажет. Бұл – әсіресе, ұрпақтың болашағы үшін айрықша маңызды. Біз балалар мен жастарды барынша қорғап, дұрыс тәрбиелеуіміз қажет. Қоғамдық кесел-дерді түбірімен жоямыз десек, ортақ іске бүкіл ел болып жұмылған жөн. Ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына қара¬мастан, оған барлығы атсалысуы керек.
Азаматтарды әлеуметтік ортаға кіріктіру жүйесі Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм идеалдарын насихаттауға және халқымыздың мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеуге негізделуі керек деп – өз ойымен бөлісті.
М.Есалиев: һәкім Абайдың төртінші қара сөзінде «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды» - деп уақыттың құнын біліп, қадірін түсіне білмесең, орны толмас өкінішке айналарын түсіндіріп кеткенін айтып, ақ халатты абзал жандарға жұмыстарына сәттілік тіледі.