Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-сі Сарыағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Ардагерлер үйінің" мәжіліс залында Сарыағаш аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің тоқсандық отырысы өтті.
Отырыста тұрмыстық зорлық - зомбылықтың алдын алу, анықтау, анықталған азаматтарға көмек көрсетуді жауапты мекемелермен бірге жүзеге асырылатын жұмыстарға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы Сарыағаш аудандық «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының басшысы Марат Тарахтиев баяндады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік, Жасампаздық, Өрлеу» атты XXXIII сессиясында айтылған тапсырмаларды талқылап, жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы Сарыағаш аудандық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Жамила Ермаханбетова баяндама жасады.
Отырысқа қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер туралы ойларын бөлісіп, жастар тәрбиесін жақсарту туралы пікірлерімен бөлісті.