Аналар кеңесі екінші тоқсанды қорытындылады

image.png

Сауран аудандық «Қоғамдық келісім» КММ-нің және Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында 2 - тоқсанның аналар кеңесінің отырысы болып өтті.

Жиынға ҚХА жанындағы Сауран аудандық Аналар кеңесінің төрайымы мен мүшелері,"Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" Тұрмыстық зорлық зомбылық бөлімі мамандары әлеуметтік қызметкер Әди Мәдияр,психолог Раметова Саодат қатысты.

Жиында Аналар кеңесінің төрайымы Н.Жұманова, Мамандар Ә.Мәдияр,С.Раметовалар: Отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа көбінесе әйелдер мен балалар құрбан болатынын,көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, елден ұят болады - деп құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жататынын және ауданға қарасты ауылдарда орын алып жатқан жағдайларға тоқталды. 

Әдетте «Отан отбасыдан басталады» деген сөзі жиі айтамыз. Әр отбасы шағын мемлекет десек, сол мемлекеттің кішігірім заңдары мен қағидалары болады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әлеуметтанушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көбеюіне бірнеше себеп ұсынып отыр. Біріншіден, экономикалық құлдырау, материалдық жағдайдың төмендеуі (жұмыссыздық, ақшаның жетіспеуі). Ал екіншіден 2020-2021 жылдары орын алған карантиндік режимнің салдары да көптеген отбасының әлеуметтік жағдайына әсер еткен. Осының салдарынан тұрмыстық өмірде орын алатын зорлық-зомбылықтың саны артқан. Тағы бір елеулі себеп – отбасы мүшелерінің зиянды әрекеттерді жаппай қолдануы, яғни спирттік сусындарды мен есірткінің кесірі. 

Соған қарамастан, елімізде соңғы жылдары отбасылық зорлық-зомбылықтың саны артып келеді. 

Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау, қабылданған жаңа Заңдағы жауапкершіліктерді түсіндіру жұмыстарына әр ауылдың аналар кеңесінің төрайымдарымен бірлесіп жас отбасылармен кездесу ұйымдастыруға келісілді.

Шорнақ ауылдық аналар кеңесі төрайымы Т.Ерімбет ауылдардағы елге үлгі ене мен келін, немере қыздарымен байқау өткізсек отбасылық татулықты, сыйластықты таныстырсақ деп ұсыныс білдірді. 

Отырыс соңында сұрақ- жауаптарға кезек беріліп жиналғандар пікірлерін ортаға салды.

Айта кетейік, Қазақстанда 2024 жылғы 16 маусымнан бастап мемлекет басшысы 2024 жылғы 15 сәуірде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді.

Заң әйелдер мен балаларға, оның ішінде отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтып,  оларды зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған. Заң әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көріністері үшін жауапкершілікті күшейтетін нормаларды енгізді, сондай-ақ ол  отбасы институтын және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтуға арналған. Жаңа заң неке-отбасы заңнамасы негіздерін дәстүрлі отбасылық құндылықтарды және басқаларды нығайту және насихаттау сияқты жаңа принциптермен кеңейтілген. Сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың неке институтын нығайту жөніндегі құзыретін кеңейту  және отбасылық, әлеуметтік-экономикалық қолдау, қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларға (отбасына) жан-жақты қолдау көрсетуді анықтау және ұйымдастыру көзделген.

Қылмыстық кодекс 3-бап кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа қандай қылмыстар жататынын анықтайтын тармақпен толықтырылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер