«Оқыған жігіт төрге озар» - деп Темірбек Жүргенов атамыз айтқандай, кітапқа құмар Тастұмсық ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы - Мардан Қанатұлымен күні кеше аудандық кітапхананың төрінде оқырман бенефисі болып өтті. Тастұмсық ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы «Түлкібас ауданының үздік оқырманы-2023» Мардан Қанатұлы Рахматулла өзінің кітапқа құмарлығы мен өмір мұраттары жайында кеңінен ой қозғады. Іс-шараға "Қоғамдық келісім" КММ Түлкібас аудандық филиал маманы, Түлкібас аудандық аналар кеңесінің мүшелері, «Amanat» партиясы Түлкібас аудандық филалының атқарушысы хатшысы Е.Жүнісов халық қалаулысы, Түлкібас аудандық мәслихатының депутаты Қ.Қоқанбаев, Түлкібас аудандық түрік этномәдени орталығының төрағасы Ж.Абилов сынды ел азаматтары қонақ болып қатысты. Ж. Абилов Марданның ісі көпке үлгі екенін айтып, этномәдени бірлестіктің бір мақсаты жастарды тек ынтымақ, бірлікке ғана емес сонымен қатар білімге, ғылымға шақыру екенін баса айтты. Бенефис кездесу соңында «Amanat» партиясы Түлкібас аудандық филалының атқарушысы хатшысы Е.Жүнісов үздік оқырманды арнайы Алғыс хатпен марапаттап, жақсы тілектерін жеткізді.
Айта кетейік, Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты О.Кошевой атындағы ЖББМ-нің 11- сынып оқушысы Рахматулла Мардан Қанатұлы ауданның “үздік оқырманы” атанған болатын. Тастұмсық ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы, әрі Тамаша Османовадай мектеп кітапханашысы бар кітапханадан Мардан 50-ден астам қазақ және орыс тілдеріндегі көркем әдебиеттерді оқып тауысқан.