Туған елінің, жерінің, қадір-қасиетін ұғындырып, ерекшеліктерін дәріптеп, туған жер тұлғаларына деген құрметтерін арттыру мақсатында Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасымен, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы «Тарихыңды таны -тұлғаңды құрметте» атты акциясын ұйымдастырған болатын. Акция бойынша Кентау қалалық орталық кітапханада іс-шара өтті. Акцияға Отырар аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Рыскелдиева Айнагүл Смайылқызы басқарған Отырар аудынының зиялы қауым өкілдері, кітапханашыларі келді. Іс-шараны «AMANAT» партиясы Кентау қалалық партия филиалының төрағасы Басаров Арман Амангелдіұлы ашып берді. Отырардан келген қонақтар кітаптарімен келіп, кітап қорымызды Қажымұқан Мұнайтпасовтың кітаптарымен толықтырды. Кентау ОКЖ директоры Г.Кокуловада қаламыздың ақын-жазушыларының кітаптарын, қалаға қарасты тарихи ориндар жайлы шығарылған флаер және қала ақын жазушылары жайлы кітаптарын Отырарлықтарға сыйға берді. Акция III кезеңнен құралып, ханның тағы жайлы театрландырылған көрініс көрсетілді. «Өлке талантымен кездесу» кезеңінде «Қала жанашыры» төсбелгісінің иегері М.Махажановпен кездесті. Іс-шара Хантағы ауылындағы Ханның тағына шығып, оның тарыхымен таныстырумен жалғасты.
Тарих - үздіксіз даму үстінде болатын ғылым саласы. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылығы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие. Халықсыз - тарих жоқ, тарихсыз - халық жоқ деген нақыл сөз бекерге айтылмаса керек. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі. Әр ел ұлт болып қалыптасу үстінде , оның ең алдымен тарихы жазылады.
Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқыту ерекше маңызды. Өйткені кез-келген мемлекеттің азаматы өз елінің, мемлекетінің, сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың, оның өзінде де алдымен сол елге аты берілген халықтың тарихын білуге міндетті. Өз халқының, елінің тарихын, мәдениетін сүйе білмеген адам, басқа халықты, оның мәдениетін сыйлай да, құрметтей де алмайды, оларды білуге ұмтылмайды. Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты – оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениетті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету.
«Тарихыңды таны -тұлғаңды құрметте» атты жоба жас буын өкілдерінің білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, олардың бойына ұлтжандылық, отаншылдық сезімдерді ұялатуға ықпал етуде.