«Отан отбасынан басталады»

image.png

Аманат партиясының мәжіліс залында Мақтаарал аудандық Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы Аналар кеңесінің 2024 жылғы ІІ-тоқсандық отырысы өтті. Отырысты Аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Сейдуалиева Сәуле Жұпарбекқызы ашып жүргізіп отырды. Жиынға Кеңес мүшелері және Мақтаарал аудандық " Қоғамдық келісім"КММ нің мамандары, Жастар ресурсттық орталығының мамандары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, "Аналар барлық көркемділіктің үлгісі" тақырыбында, ананың қоғамда, отбасында алатын орны, атқарар рөлі ұшан - теңізділігін, сондай-ақ қыз балалардың тәрбиесі және қазақ халқының болмысындағы, дүниетанымындағы бар игі қасиеттерді аналардың балалардың бойына сіңіретіндігі жайлы, екінші тақырыпта мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың XXXIII сессиясында айтылған тапсырмалары жайында талқыланып, өзара пікір алмасып, сұрақ-жауап жүргізілді.

Ана! Бар болғаны үш әріптен тұратын сөз. Бірақ бұл сөздің астарында ұшан-теңіз ой жатыр. Бұл сөз иесі бар әлемдегі ең аяулы, ең әдемі, ең ардақты, ең сүйкімді, ең сүйікті жан. Олай дейтін себебіміз, ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. Шыр етіп дүние есігін ашқаннан-ақ ананың ақ сүтімен нәр алып, ана құшағына еніп, мейіріміне бөленеміз. Сәбидің аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де – ана. Сондықтан бұл өмірде анаға тең келер ешкім жоқ.

Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын көрсетпей, өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңның жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый-құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де татымайды. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. "Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деп бекерден-бекер айтылмаса керек.

Ана - болашақтың кепілі. Өйткені біздің елбасымыз, елге белгііл әншілеріміз, жұдырығы балғадай балуандарымыз, қайтпас қайсар спортшыларымыз, бәрі-бәрі анадан туған. Ананың тәрбиесін көрген. Қанша жерден ұлы болса да, ананың ұлылығынан асып түсе алмайды. Ғабит Мүсірепов айтқандай, "ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді". Иә, ананың мейірімділігінде шек жоқ. Ананың мейірімі нұр шашып, жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл аналардың құшағында мейірім алып жүрген біз – алтын анаға мәңгілік қарыздармыз.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, барлық перзент ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, шашына ақ түсірмей, қасиетті де, киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман жүрсін! 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында: «Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары ауқымды этносаралық коммуникацияға жол ашуы керек. Республикалық аналар кеңесінің құрылуы – осы бағыттағы маңызды қадам. Бұл кеңес еліміздегі бірлік пен татулыққа негіз болып отырған құндылықтарды жастардың санасына сіңіруге атсалысады. 

Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөз бар.  Ұрпаққа отбасында дұрыс тәрбие беру – айрықша маңызды міндет. Сондықтан, Республикалық аналар кеңесіне жан-жақты қолдау көрсету қажет»,- деп Аналар Кеңесінің маңыздылына тоқатлып өткен болатын. Қазіргі таңда аталған кеңестің жұмысын үйлестіруге мемлекет тарапынан және тұрғындар тарапынан қолдау көрсетіліп келеді.

Себебі Қазақстан Халқы Ассамблеясы Аналар Кеңесінің негізгі  мақсаты – қоғамдық келісімді нығайту. Бүгінде Аналар кеңесі қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтауға өзіндік үлесін қосып келеді. Аналар кеңесі жүзеге асырып жатқан жобалардың тақырыбы да жан-жақты. Ол жобалар отбасыларға психологиялық қолдау көрсетуге, тұрмыстық зорлық құрбандарына көмектесуге, ерекше қажеттіліктері бар балалардың мүддесін қорғауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Аналар кеңесінің жұмысы әрдайым Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауымен үндесіп жатады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер