Ұлтаралық татулық — еліміздегі тұрақтылықтың кепілі. Мемлекет басшысы татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы, барлық жерде дәріптелуі қажет екенін айтқан болатын. Расында, елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат.
Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен облыстағы қоғамдық-саяси және этносаралық ахуал бойынша штаб отырысы өтті. Мәжіліске облыстық құқық қорғау органдары мен тиісті басқармалардың басшылары қатысты.
Жиында облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл қоғамдық-саяси ахуал және этносаралық мәселелердің алдын алу бойынша баяндама жасап, алдағы жоспарларды пысықтады. Одан кейін облыс аумағындағы білім саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша білім басқармасының орынбасары Айгүл Қасымбекованың баяндамасы тыңдалды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі. Этносаясатта жаһандық және аймақтық үдерістер ескерілуге тиіс екені айтылды. Бұл – өте орынды ұсыныс. Яғни, этносаралық қатынас мәселесін заман талабына сай реттеу керек. Бұл жұмыс ауқымды реформалармен үндес болуға тиіс. Бұған немқұрайлы қарауға болмайды, этносаралық саясат айрықша назар аударып, ұдайы жетілдіріп отыруды қажет етеді. Шын мәнінде, азаматтардың бірлігін, жалпыұлттық бірегейлікті және еліміздің этноәлеуметтік тұтастығын нығайту жөніндегі іргелі, тіпті қасиетті деп айтуға болатын міндеттерді жүзеге асырмайынша, мемлекеттің бірде-бір стратегиялық міндетінің орындалуы мүмкін емес екенін естен шығармаған жөн»- деген болатын. Бүгінде бірлік, бауырластық, этносаралық келісім сияқты құндылықтар мемлекетіміздің басты игілігіне айналды. Қазақстан тәжірибесін басқа елдер қабылдап, қолдануда. Ел басшылығының қолдауының арқасында біздің қоғам үлкен жетістіктер мен табыстарға жетті. Ал біздің мемлекетіміз – зайырлы, көпұлтты, өзінің ұлттық рәміздері мен дәстүрі бар тарихи ел. Бұл басты құндылығымызды сақтап, одан әрі дамытып, конфессияаралық татулықты нығайта түсуіміз керек.
«Бүгін өзекті мәселелер талқыланып отыр. Ел бірлігін сақтау, тұрақтылықты нығайту бағытындағы жұмыстар тоқтамауы тиіс. Білім саласындағы түйткілдерді уақытылы шешу де басты назарда болуы тиіс. Әр басшы өзі жауапты саланы терең зерттеп, сапалы жұмыс атқарсын. , – деді Б.Тәжібаев.
Басқосуда қоғамдық-саяси ахуалды бақылауда ұстап, дер кезінде тиісті шараларды атқару керектігі баса айтылды. Облыс әкімінің орынбасары этносаралық бірлікті сақтау, тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, халықты игі істерге жұмылдыру қажет екенін жеткізді. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату алдағы уақытта атқаратын жұмыстың басым бағытына айналуы тиіс екеніне тоқталды.
Жиын қорытындысына сай аталған мәселелер бойынша жауапты басқармалар мен тиісті мекемелерге жұмысты күшейту тапсырылды.
Біздің республикамыздағы ұлтаралық келісім – ең маңызды жетістіктердің бірі және ұлттық мәселелердің ғылыми шешімінің нәтижесі. Жалпы, ұлтаралық келісім – адамның өнегелі тәрбиесінің, жоғары мәдениетінің, барлық ұлттар мен ұлыстардың ұлттық және этникалық топтардың мүддесімен ортақ деңгейінің көрсеткіші деп білеміз. Барлық қазақстандық ел ішіндегі тұрақтылық пен ұлттар арасындағы татулықты үзбей насихаттауы керек. Қазақстан мемлекеттілігінің нығайуы осыған байланысты. Қазақстан қоғамы бүгінде əлем сусап отырған татулық пен келісімді, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп отыр. Мұндай ұстаным тəуелсіздік жылдарындағы мемлекеттің бүкіл ішкі саясатының өзегі болды. Қазақстанда ұлттық-мəдени саналуандық пен бірлікті жаңғырту, əрі дамытудың мемлекеттік саясаты жүзеге асырылды. Қазақстанда шағын ұлттардың тілі мен мəдениетіне оңтайлы жағдай жасалып отыр.
Қорыта келе айтарымыз, егеменді елдің дамуы – ұлтаралық татулықта. 33 жылдың еншісінде қазақстандықтардың бірлігі, ауызбірішілігі мен өзге ұлттарға деген құрметі жатыр. Осы басты байлығымызды сақтап, тәуелсіз еліміздің іргесін нықтай білейік!