Қазығұрттағы келелі кездесу

image.png

Бүгін Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің Қазығұрт ауданындағы қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесуі өтті. 

Жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ербас Өтегенов, Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы құрылымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бақытжан Әшірбаев, құзырлы орган өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы Ақсақалдар кеңесінің аудандағы белсенді мүшелері, кәсіби медиаторлар, қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты. 

Алқалы басқосуда сөз алған Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов бүгінгі таңда Ассамблея еліміздің саяси өміріне әр түрлі қоғамдық, әлеуметтік саладағы ел азаматтарын тарту арқылы өзекті мәселелерді зерделеп, оның шешімін табуға зор үлес қосып келе жатқанын атап етті.

Ұлтаралық қатынастың дұрыс жолға қойылуы – біздің еліміз секілді көп ұлттың өкілдері тұратын, демократиялық жолмен дамып келе жатқан мемлекет үшiн аса маңызды. Себебі, ұлтаралық татулықты сақтау халықтар достығының күшеюіне алып келеді. Бір мемлекетте ұзақ жылдар бойы 140-қа жуық ұлт пен ұлысты, он сегіз түрлі дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктерді тату-тәтті ұстап отыру оңай емес. Алайда, еліміз қаншама уақыттан бері достық пен бірлікті бірінші орынға қойып, ортақ мүддеге жұмылдырып, олардың ортақ Отаны болып отыр. 

Республиканың ішкі саясатында ұлтаралық келісім мәселесі, өркениетті түрде өзара келісімге келуі ерекше сипатқа ие. Осының арқасында 130-дан астам ұлт пен 46 діннің өкілдері «Қазақстан — ортақ отанымыз, ортақ үйіміз» деген құндылықтың төңірегіне топтаса білді және бүгінде Қазақстан татулығын жоғалтпаған елге айналды.

Кез келген ел, кез келген ұлт бей¬бітшілікте өмір сүруді қалайды. Өз елінің, өз жерінің өсіп-өркендеуін аңсай¬ды, өз халқының ашық аспан астында алаңсыз болуын армандайды. Себебі татулығы мен келісімі жарасқан, саяси тұрақ-тылығы берік мемлекеттің бағын¬дыратын биігі әрқашан жоғары болады.

Күн тәртібіне сәйкес, жиында бірлік пен келісімді бұзуға бағытталған, этносаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі кез келген арандатушылықтың жолын кесу бойынша Қазығұрт ауданы прокуратурасының көмекші прокуроры Қуаныштай Нұсаин, Әлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтау және алдын ала жою бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің өкілі Бекжан Исабай, Медиация тәсілінің сотқа дейінгі және соттағы тиімділігі мен артықшылығы жөнінде Түркістан облысы медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова баяндама жасады. 

Кездесу барысында қатысушылар өңіріміздегі этносаралық тұрақтылықты сақтау бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер