Этнос өкілдері тазалық акциясына ат салысты

image.png

Мемлекет басшысының бастамасымен - өңірімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын табуда. Бүгін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Келес аудандық филиалы және бірнеше этнос өкілдерінің қатысуымен тазалық акциясына үлес қосу мақсатында Келес ауданы Абай ауылында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Акция аясында туған жерімізді, туған өлкені аялап, оның тазалығын сақтау, табиғатын қорғау әрбір - азаматтың борышы және міндеті Таза Қазақстан - Отаншылдық қасиетінің бастауы. "Таза Қазақстан" акциясының мақсаты - ел арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың, әсіресе, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту. 

«Түркістан халқын тазалыққа шақырамын. Әр адам өз ауласын тазалап, сыпырып, көшет егіп, гүл егіп, қойса, қандай әдемі болады. Түркістан қаламыз Рухани астана. Көпшілік адам келіп жатыр, зияратқа келеді. Көруге келіп жатыр, сол үшін таза болғаны жақсы ғой,- дейді ұйымдастырушылар. 

Айта кетейік, акцияға атсалысып жүрген Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық 11 этно мәдени бірлестіктер мүшелері әр сенбі күні аумақтық сенбіліктерге белсене қатысып келеді. Этностар көп орналасқан Сайрам, Сауран, Жетісай, Мақтарал, Келес,Төлеби аудандарында Ассамблея жастары "Бірлігіміз жарасқан" тақырыбында плогинг сайыстары арқылы айналаны тазарту акцияларын дәстүрлі түрде өткізуде. Сайрам ауданында "Қоқыстан құнды заттар жасау идеялары" жүзеге асырылуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Павлодарда өңірлік семинар өтті
  • Бас консулмен кездесу өтті
  • Фарит Аюпов құрметке бөленді
  • Аналар кеңесі мен медиация кеңесінің жұмыс барысы пысықталды
  • Ассамблея жастары елдік пен бірлік жайында пайымды пікір алмасты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер