Ел тыныштығына мән беру - міндет

image.png

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің ІІ тоқсандық отырысы өтті. 

Аталған кеңес отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Бекмұрзаев және кеңес мүшелері, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиал басшысы Е.Айтжанов, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Б.Мақұлбек, Төлеби ауданының ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Е.Калибаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің кеңесшісі Г.Ерботаева, аудандық этномәдени бірлестіктерінің төраға орынбасарлары және жастар қатысты.

Күн тәртібінде «Этносаралық мәселелердің және құқық бұзушылықтың алдын алу» және «Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау» тақырыптары қаралды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты қазақ халқының топтас¬тырушы рөлiн арқау ете отырып, қазақстандық патриотизмді дамыту, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қазақстандық-азаматтық бiрегейлiкті, бәсекеге қабiлеттi ұлтты қалыптастыру үрдісiнде этносаралық келiсiмдi қамтамасыз ету болып табылады. Ал Ассамблеяның тікелей араласуымен қазіргі кезде елімізде көптеген этномәдени бірлестік қызмет жасайды. 

Бүгiнгi қоғамдағы түбегейлi өзгерiстер халқымыздың ауызбiрлiгiн, белсендiлiгiн, әр азаматтың жеке басының жауапкершiлiгiн талап етуде. Қоғамдағы келiсiм мен бейбiт өмiр, саяси тұрақтылық үшiн жан аямай қызмет ету, өз Отанына, отбасына, елi мен жерiне деген сүйiспеншiлiктен ғана туындайды. Қазақтың ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы, өзге этнос өкілдеріне құрметі сияқты қасиеттері шетелдік сарапшылар тарапынан да оң бағасын алды, әлі де жалғасын табуда.

Ел тыныштығына мән беру - міндет. Қазақстанда жыл сайын ха¬лық¬тық Наурыз, Масленица мейрам¬дарын көпшілік болып атап өту дәстүрге айналды. 2006 жылы Аста¬нада Қазақстан халқы Ассамблеясы¬ның кезекті cессиясында Елбасы Құр¬бан айт пен Рождествоның алғаш¬қы күндерін мерекелік демалыс күн¬дері етіп жариялауды ұсынып, ол қолдау тапты. 2006 жылдың 28 мау¬сы¬мында «Қазақстандық этнос¬аралық және конфессияаралық келі¬сім үлгісін жетілдіру бойынша» арнайы бағдарлама қабылданды. Әрине, бұл еліміздегі этносаралық қарым-қатынасты нығайтуды ұйымдас¬тырушы және үйлестіруші басты құжатқа айналды.

Отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сеит Бекмұрзаев этносаралық мәселелердің алдын алу бойынша баяндама жасап, алдағы жоспарларды пысықтады. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Беглан Мақұлбек сөз сөйлесе, Төлеби ауданының ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Ерболат Калибаевтың кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тақырыбында баяндамасы тыңдалды.

Жиын соңында Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Бекмұрзаев этностар арасындағы татулықты сақтау үшін, этносаралық қақтығыстарға жол бермеуге шақырып, жиынға қатысушыларға, дендеріне саулық, еңбектеріне табыс тіледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер