Халық қазынасы – домбыра

image.png

Келес аудандық Ақтөбе ауылдық округінің Аналар кеңесі төрайымы Т.Серғазиеваның ұйымдастыруымен, 1 шілде  - Ұлттық домбыра күніне орай «Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра!» атты іс-шара өтті.

Аталған шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшелері, Ақтөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Байдуалов, Мәдениет үйінің директоры С.Өтебаев, Қазыналы қариялар тең қоғам әлеуметтік қызмет көрсету орталығының білім меңгерушісі Г.Мамаева, Ардагерлер үйінің қазыналы қариялары қатысты.

Халқымыз ерте заманнан әндері мен күйлерін, асыл мұра ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, көзінің қарашығындай сақтап келген. Өнердің ең жоғарғы түрі, ең саңылағы, ең әулеттісі де – халық өнері, яғни жылдар өтсе де мұқалмай сыны қашпай сақталып келе жатқан – халық қазынасы. Халық қазынасы, ол – домбыра.

Халқымыздың ішкі жан-дүниесінің, арман мүддесінің, болмысының сырын үнімен жеткізетін мол мұрасы.

Белгілі ақын-жазушы Қадыр Мырза Әлінің "Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.

Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ – Домбыра!

Білгің келсе біздің жайды,

содан сұра тек ғана:

Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана!» демекші, Рухани құндылығымыз болып саналатын – ұлттық өнеріміздің маңыздылығы орасан зор.

Іс-шара - домбыра аспабын насихаттау, үйрету арқылы, жастарды рухани тәрбиелеу, ұлттық үрдістерімізді олардың бойына сіңіру, өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер