Ақсақалдар ынтымақты көздейді

image.png

Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шешуші факторы болып табылатын ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімге бастайды. Ал, бұл құндылықтар «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын.

Осы орайда Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің Сауран ауданындағы қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесуі өтті. 

Жиынға Сауран ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков, құзырлы орган өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы Ақсақалдар кеңесінің аудандағы белсенді мүшелері, кәсіби медиаторлар, қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты. 

Алқалы басқосуда сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы құрылымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бақытжан Әшірбаев бүгінгі таңда Ассамблея еліміздің саяси өміріне әр түрлі қоғамдық, әлеуметтік саладағы ел азаматтарын тарту арқылы өзекті мәселелерді зерделеп, оның шешімін табуға зор үлес қосып келе жатқанын атап етті.

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту стратегиясы демократияны дамытудың әлеуметтік базасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеді. Мемлекет бастапқыдан барлық этностар үшін мемлекетті қалыптастыру мүмкіндігін беретін Қазақстанда тұратын халықтардың мүдделерін біріктіру, этностық емес, азаматтық қоғамды қалыптастыру пайдасына таңдау жасады.

Бүгінде қазақстан халқы – бұл біртұтас идея мен бауырластық рухымен біріктірілген КСРО-ның әр түкпірінен құрылған халықтар. Қазақстандықтар шын мәнінде бауырлас халық, дегенмен де бейбітшілік, келісімге келіп, жаңа Отанды табу үшін көптеген ұлттармен бірге қиындықтарды бастан кешіруге тура келді.

«Ұлттық қатынастар» термині ұзақ уақыт әдебиеттерде пайдаланылып келді, өйткені талдаудың негізгі нысаны елдің бұрынғы одақтас республикаларының титулдық этностарын құрады, оларға қатысты «ұлт» термині белгіленген параметрлер бойынша заңды да болды.

Жоғарыда айтып өткендей, этникааралық қатынастар кең және тар мағынада қарастырылады. Кең мағынада – бұл халықтардың түрлі салалардағы қарым-қастынастары: экономика, саясат, мәдениет, әлеуметтік сала және т. б. Тар мағынада – әртүрлі ұлт өкілдерінің тұлғааралық қарым-қатынасы ретінде, қарым-қатынастың әртүрлі салаларында – отбасылық-тұрмыстық, еңбек, бос уақыт, көрші, бейресми қарым-қатынастың басқа да түрлерінде орын алады.

Күн тәртібіне сәйкес, жиында бірлік пен келісімді бұзуға бағытталған, этносаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі кез келген арандатушылықтың жолын кесу бойынша Сауран аудандық прокуратурасының прокуроры Нұрлыбек Темірбаев, Әлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтау және алдын ала жою бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің өкілі Бекжан Исабай, Медиация тәсілінің сотқа дейінгі және соттағы тиімділігі мен артықшылығы жөнінде Түркістан облысы медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова баяндама жасады. 

Кездесу барысында қатысушылар өңіріміздегі этносаралық тұрақтылықты сақтау бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер