Түркістан қаласы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-і Облыстық Қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп ұлтаралық татулық тақырыбында кездесу өтті. Жиынға Бекзат тұрғын алқабының тұрғындары қатысты.
Кездесуде ұлтаралық татулық тақырыбында сөз қозғалып, оның мән-мағынасы түсіндірілді. Халықтың бірлігі - Қазақстанның барлық жетістіктерінің кілті екендігі айтылды.
Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Қазақстан бүгінде өзін татулық пен келісімнің мекені ретінде дәлелдеп, бейбіт өмірдің бесігіне айналып отыр.
Алаш елі тағдырд¬ың жазуымен жер аударылып келген түрлі ұлыстарға төрінен орын беріп, бір үзім нанын бөліскені белгілі. Сол үшін көптеген ұлыстардың өткен және бүгінгі буыны қазақ халқына шексіз риза. Оларға Қазақстан азаматтары ретінде тең құқық берілген. Олар білім алу, емделу, жоғары лауазымды қызмет атқару мүмкіндіктеріне ие. Елімізде мекен еткен ұлт пен ұлыстарға өз мәдениетін дамытып, салт-дәстүрлерін сақтауға лайықты жағдайлар жасалған. Олардың әрқайсысының ұлттық мәдени орталықтары тұрақты жұмыс істейді. Мәдени орталықтар әр халық өкілдерінің өз ұлттық дәстүр¬лерін сақтауға зор ықпал жасап келеді. Сонымен бірге, көпұлтты Қазақстанның мәдени жағынан жан-жақты дамуына үлес қосып келеді.
Қазақстанды өз Отаным деп санайтын барлық отандастарымыздың барлық жетістіктің кілті-бірлікте екендігін ұғынуы қажет. Ешбір құйтұрқы ой мен берекесіздікке бой алдырудың абырой бермесін дұрыс ұғынса дейміз.
Ел болған соң аракідік орын алар жайсыз жайттар жетерлік. Олардың бәріне де байыпты көзқараспен қарауымыз жөн.
Еліміздің ең басты байлығы – халықтың бірлігі, осы баға жетпес байлықтың арқасында елімізде ынтымақтастық, тыныштық пен тұрақ¬тылық қалыптасқан. Бұл маңызды негіздер Қазақстанның дамуына жол ашып келуде. Еліміздің дамуы бұл әрине халықтың жағдайының жақсаруына тікелей байланысты. Басқа Орта Азия көрші елдердің тұрмыс ақуалымен салыстырғанда біздің жағдайымыз біршама жақсы болғаны бәрімізге белгілі. Осындай керемет мемлекетте өмір сүру нәсіп еткендіктен Жаратушы иемізге шүкіршілік келтіру біз үшін міндет деп білемін. Халық бірлігін қамтамасыз етуге Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үлкен үлес қосты, барша ұлттардың бастарын қосып бір халыққа айналдырды. Сабақтастық негізінде жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында осы байлықты сақтау білуіміз керек деп айтты. Сондықтан барша ұлттардың бастарын бірлікте сақтау үшін, келесі қадамымыз мемлекеттік тілді ұлтаралық тіл ретінде қолдануды қадағалады. Мен үшін осы мәселе жүрегіме ерекше әсер қалдырды. Күмәнсіз осы бағытта болсақ келешегіміз жарқын болады деп шынайы сенемін. Неге деп сұрасаңыз, ең басты – отансүйгіш сезім жастар арасында күшейеді. Екіншіден, тілге деген құрмет тек қана сөз болмай амалмен де көрсетілген болады, осымен бірге, мемлекеттік тілдің қажеттілігі қалыптасады.
Болашақ жастардың қолында дегеніміз – барлық жауапкершілікті оларға жүктеген тәрізді емес, үлкендердің көрсеткен жолы, берген тәрбиесі, насихатты сөзі, ұлағатты үлгісімен белгіленіп, болашағымыздың қандай болуына тікелей байланысты. Біз жастарға өсиет етіп, бірлікті сақтау білуіміз керек деп әрқашанда айтып келеміз. Ал егер мемлекеттік тілді олардың өмірінде бірінші тіл ретінде қолдануға мүмкіндік берсек, сонда алдымызға қойылған мақсаттарға міндетті түрде жететін боламыз.
Міне, жастар осындай ой-пікірмен тарқасты.