6-шілде Астана күніне орай Түлкібас ауданы, А.Кошевой атындағы жалпы білім беретін орта мектепте «Астана болашақтың қаласы» тақырыбында сурет салудан іс-шара өтті. Аталған іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ-ні Түлкібас аудандық филиалының маманы, этнос жастары, Тастұмсық ауылдық кітапханасының қызметкерлері қатысты. 6 шілде – Қазақстан Республикасының Астана күні мерекесі. Бүгінде Нұр-Сұлтан Қазақстанның саяси орталығына ғана емес, сонымен бірге өңірлік хабқа, ірі-ірі халықаралық іс-шаралардың орталығына айналды. Елбасы астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы батыл бастама көтерді, содан кейін 1994 жылдың 6 шілдесінде ұлттық парламентті оны қабылдауға көндірді. 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы ресми түрде Қазақстанның астанасы болды және 1998 жылы 6 шілдеде әлемге Астана атауымен таныстырылды.
Айта кетейік, Түлкібас ауданында 26-дан астам этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстандағы барлық этнос өкілдері қазақтың болмысын бойына сіңіруде. Елімізде қазақтың салт-дәстүрін ұстанатын өзге ұлт өкілдері өте көп. Қазақстан олар үшін туып-өскен, ержеткен, білім алған, отбасын құрған қастерлі мекені, Отаны болып саналады. Дәстүрлердің осылайша бітеқайнасуы, этносаралық және конфессияаралық келісім, өзге мәдениетке толерантты болу – біздің баға жетпес байлығымыз, қазіргі тілмен айтсақ, ұлттық брендіміз» деген болатын. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.