Ұлттық спорт ұлықталды

image.png

Қазақ халқы ежелден салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулыққа аса мән берген. Оны ұлттық ойындардан да аңғаруға болады. Өткенге көз салсақ, бозбала да, қыз бала да жастайынан аттың құлағында ойнауға бейімделген. Ұлттық ойындардан тәжірибе мен тәсілдің еркіндігі, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебі, мұрат пен меженің тоғысқан шеңбері анық көрінеді.  Ұлттық ойындар – саламатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға – жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың маңызды құралы.

Байқасаңыздар, соңғы кездері еліміз ұлттық спортқа ерекше көңіл бөліп, ден қойып келеді. Ұлттық ойындарымыз өңіріміздің барлық саласында көрініс тауып отыр десек, қателеспейтініміз анық.Ұлттық ойындарымызды қазақ қана емес елімізде қоныс тепкен өзге ұлттың өкілдері де дәріптеп жүрген жайы бар. 

Осы орайда бүгін Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Зағамбар ауылында өңірдегі этнос жастары арасында қазақ халқының ұлттық ойындарынан «Ұлттық ойын - қазына» атты облыстық сайыс басталды.

Аталған спорт сайысы облыстағы құзырлы органдардың ведомствоаралық жоспарына сәйкес және Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен өткізіліп жатыр.

Ұлттық спортты ұлықтаған додаға Кентау қаласы, Сауран, Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш аудандары және Зағамбар ауылының этнос жастарынан құралған командалар қатысуда. Онда жастар ұлттық ойындардың 8 түрінен, атап айтқанда, қазақ күресі, қошқар көтеру, тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту, қол күресі, ләңгі тебу, арқан тартудан бақ сынауда.

Спорттық шарада сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев және Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев бұл сайыс этнос өкілдерінің достығын, берекелі бірлігін одан әрі нығайтатынын айта келе, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыс қорытындысында жеңімпаздар арнайы марапатталып, жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар мен дипломдар табысталады.

Жалпы, ұлттық ойындар – ата-бабамыздан бізге жеткен мұра сияқты өткен күн мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, өнеріміз. Сондықтан оны үй¬ре¬нудің, күнделікті өмірде пай¬даланудың пайдасы орасан зор.

Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі - мәдениеті мен өнерінің де ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып жатыр. Ата – бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек өмір сүруімізде ұлттық ойындардың атқаратын міндеті айрықша. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер