Еліміздің барлық аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Акция басталғалы Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Сауран ауданы Түркістан қаласына кіретін үлкен қақпа десек болады. Осы қақпа маңында Түркістанның тазалығын және облыс орталығына деген жанашырлықты көрсетеді. Осы орайда өңіріміздегі этномәдени бірлестік мүшелері елді ынтымақ, бірлікке қана шақырып қоймай, айналамыздың тазалығына өз үлестерін қосып, аталмыш акцияға белсене қатысуда.
Сауран аудандық Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрманбай Рысбеков аудан тұрғындарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдауға шақырды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Бұл бастаманы Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдады. Өйткені, өңірімізде белсенді, отаншыл азаматтар өте көп. Түркістан облысында «Таза өлке – Түркістан» акциясын басталғалы бері ауданымызда тазалық, көгалдандыру жұмыстары басталып кетті. Бұл – бір айлық науқан емес. Мақсатымыз – тазалық сақтау, ағаш, гүл егуді өмірлік дағдыға айналдыру. Отанға деген құрмет тазалықтан басталатынын ұмытпайық. Біз «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданымызды, Түркістанымызды одан сайын түрлендіре түсеміз деген ойдамын. Сондықтан Қазақстан халқына осы акцияға қосулына шақырамын»,- дейді Құрманбай Рысбеков.
Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Сауран аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Нышанкүл Жұманованың айтуынша аудандағы нәзік жандылар акцияға белсене қатысуда.
«Табиғат — ел байлығы» демекші, мемлекет дамуы үшін табиғатқа деген құрмет болуы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау арқылы Отанға деген патриоттық сезім оянады. Сондықтан, біз өз ортамызды, көшемізді, ауылымызды, қаламызды таза ұстауымыз керек. Арықтарды тазалап, бұлақ көздерін ашу – міндетіміз! Осы бағытта жұдырықтай жұмылып жұмыс істейміз деп сенемін! Таулар да, ормандар да, өзен-көлдер де, байтақ дала да, ауылдар да, қалалар да – біздікі. Осы байлығымызға жанашырлықпен қарайық! Көшесінің тазалығына қарап, азаматын, халқын танисың. Ендеше, барша Түркістан өңірінің тұрғындарын осы акцияны қолдауға шақырамын! Бірлік пен еңбектің арқасында Түркістанымызды жасыл аймаққа айналдырайық! Президентіміздің бастамасымен бастау алған республикалық акциясына біздің аналарымыз белсенді қаыстуда. Сіздерді де осы акцияға қатысып, еліміздің көркеюіне, тазалық жұмыстарын жүргізуге ат салысуға шақырамын»,- дейді төрайым.
Айта кетсек, Аауқымды шараға Сауран ауданының тұрғындары да атсалысуда. Бұл аудан облыс орталығын қоршап тұрғандықтан жергілікті халыққа жүктелген міндет те ауыр. Мұндағы жұрт үнемі тазалыққа көңіл бөліп, үйлердің айналасы мен жолдың бойын тазалап тұруға тырысады.
Жалпы Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы өте жоғары деңгейде жалғасып жатыр. Акция барысында мыңдаған көшет отырғызылып, елді мекендер мен көшелер тазаланды. «Киелі мекен» апталығында қасиетті орындар мен ескерткіштер маңы тазаланып, туристік нысандардың ажары ашыла түсті.
Естеріңізге сала кетейік, "Таза Қазақстан" акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару, азаматтардың табиғатқа ұқыпты қарауын қалыптастыру, сондай-ақ "Заң және тәртіп" қағидатын сақтау. Бұл іс-шара алдағы уақытта да жалғасады.