Жастарға мемлекеттік бағдарламалар таныстырылды

image.png

Елімізде 6 миллион азамат жастар санатына кіреді. Қазақстанда жастардың шекті жасы заңды түрде 35-ке дейін ұзартылды. Осылайша, елімізде осы санатқа кіретін азаматтардың саны бірден 6 миллионға дейін жетті. Олардың барлығы сан алуан мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алады.

Осы орайда Сайрам ауданы Қарабұлақ және Қарамұрт ауыл округі әкімдігінің мәжіліс залында "Қоғамдық келісім" КММ-нің Сайрам аудандық филиалының жылдық жоспарына сәйкес, күн тәртібіндегі ақсақалдар және аналар кеңесінің мүшелері мен ассамблея жастарына мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстарын насихаттау мақсатында еркін форматта кездесу өтті. 

Кездесуге "Жастар орталығы" КММ-нің басшысы, "Мансап орталығы" маманы қатысты.      Мамандар шараға қатысушы жастарға «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» - «Серпін-2050» оқыту бағдарламасы, «Дипломмен ауылға», баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім, «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» жобасы, «Ұрпақтар келісімшарты», «Бастау Бизнес», бизнесті ашуға арналған мемлекеттік грант, әлеуметтік жұмыс орыны секілді мемелекеттік бағдарламалардың шарттарымен бөлісті. 

 Қазақстанда білім беру ұйымдарының түлектері үшін жастар практикасы да ұйымдастырылады. Негізгі мақсаты – алғашқы тәжірибе жинақтауға көмектесу. Сондықтан 35 жасқа дейін бұрынғы немесе жаңа мамандық бойынша тәжірибе болмаса, жастар практикасы бағдарлмасына қатысуға болады. Жастар практикасының мерзімі – 6 ай. Жалақыны да төлеп тұрады. Ай сайынғы көлемі – 25 АЕК (86 250 теңге). Бағдарламаға қатысу үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына бару керек.

Ал жастардың өз кәсібін ашуға да арнайы кәсіпкерлік бастамалар қолдауға беріліп келеді. Атап айтқанда, кәсіпкерлікті бастайтын жастарға жыл сайын қайтарымсыз он мың грант көлемі аясында бір не екі миллион теңгеге дейін ұлғайтылған. Аталмыш бағдарлама аясында 2025 жылға дейін екі миллион жұмыс орнын ашу көзделген болатын. Бұл жастардың кәсіп ашуына ынталандыру болса, екінші жағынан өзін-өзі жұмыспен қамтуына барынша жағдай жасау болып табылады. Әрі жастардың креативті дамуына да ықпал етеді. Сондай-ақ жастардың өз ісін бастап, кәсіп ашуы экономикамыздың біршама жақсаруына алып келеді.

Тағы бір айта кететін жайт, қоғам мен мемлекет тарапынан енді жастардың әлеуметтік жағынан әлсіз санаттарына айрықша көңіл бөлініп келеді. Нақты айтқанда, жастарға әлеуметтік көмек көрсету немесе жастардың жұмысқа орналасуына, денсаулыған тексеруде және құқығын қорғауда, бос уақытын тиімді ұйымдастырып, сапалы білім алуында,  өмірлік жолын дұрыс таңдай білуі мен қоғамға бейімделіп, жастар саясатында белсенділік таныту мәселелері бойынша консультациялық, практикалық, ұйымдастырушылық көмек алуында жәрдем беретін мекемелер жүйесі ретінде әлеуметтік қызметтер бұрыннан қалыптасқан болатын. Енді сол жүйені одан әрі дамыту арқылы жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл қызметтерге психологиялық, педагогикалық, заңдық, наркологиялық көмек көрсету мен мүгедек жастарға, әскери борышын өтеген жастарға нашақорлықтан, маскүнемдіктен емделуден өткен жас азаматтарды сауықтыру шаралары да назардан тыс қалмады. Сонымен бірге, жастарға арнайы әлеуметтік қызметтер кешенін, яғни, жастардың еңбек биржаларын, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтарын, балалар мен жастарға арналған тұрғын үйлер, кәмелетке толмаған құқықбұзушыларды әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңды көмек көрсету және кеңес беру орталықтарын, жас отбасына көмек көрсету қызметтерін, демалыс орталықтарын құру аясында жұмыстар  кеңейтілген түрде жүргізіліп келеді.

Шараға қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарына тұщымды жауаптар алды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер