Мемлекет басшысының бастамасымен - өңірімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын табуда. Келес ауданындағы бірнеше этнос өкілдерінің қатысуымен тазалық акциясына үлес қосу мақсатында Келес ауданы Біртілек ауылдық округінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Қоршаған ортаны абаттандыруға жанашырлық танытып, апта сайын өткізілетін сенбіліктің мақсаты - туған жерді аздырмай, қолдан келгенше көркейту қашанда халық үшін ауыл руханияттың темірқазығы, ұлттық құндылықтардың алтын бесігі, туған өлкені аялап, оның тазалығын сақтау, табиғатын қорғау әрбір азаматтың борышы және міндеті. Таза Қазақстан - Отаншылдық қасиетінің бастауы. "Таза Қазақстан" акциясының мақсаты - ел арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың, әсіресе, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.