Медиация - келісім алаңы

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медиация жүйесін дамыту мен қоғамдағы рөлін арттырудың маңыздылығын, медиация қызметі үшін уәкілетті органдардың жанынан жұмыс тобын құру мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дамытуға және әзірлеуге серпін беретінін атап өткен еді. Бүгінде елімізде медиация қызметі қарқынды дамып келеді.  Медиация туралы заңының аты бөлек болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес. Елде дауларды шешудің оңтайлы әдісі ретінде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қолданылып келеді. Медиация – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді әрі өзара бейбіт келісімге келу болып табылады.

5 тамыз – Қазақстан медиаторларының кәсіби мерекесі. Этномедиацияның мақсаты – этносаралық қатынастар мен жалпыұлттық бірлік саласында татулық пен келісімді сақтау. 

Медиаторлардың міндеті – халықтар арасындағы қандай да бір тұрмыстық жанжалдар мен дау-дамайлардың алдын алу. Қазақстандықтардың санасында бірлік, тұрақтылық, толеранттылық, патриотизм сияқты құндылықтарды қалыптастыру.

Осы мақсатта Түркістан облыстық “Қоғамдық келісім “ КММ нің Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Сайрам ауданында өткен келелі кездесу өтті. Жиынға аудандық Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиаторы Өтегенова Жұлдыз Төлебекқызы, кәсіби медиатор Даванова Саера Мырзалиқызы, аудандық медиация кеңесі, ақсақалдар және аналар кеңесі мүшелері мен Сайрам аудандық полиция басқармасы қызметкерлері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты. 

Азаматтар медиациялық келісім жасауға негізінен отбасылық мәселелер, еңбек, әлеуметтік-тұрмыстық даулар бойынша жүгінеді. Медиаторлардың дер кезінде және жоғары біліктілікпен көрсеткен кәсіби көмегі көптеген дау-жанжалдарды өршітпеуге, тұрмыстық жанжалдардың алдын алуға жол ашты. Сондықтан кездесуде медиациялық келісімнің артықшылықтары мен тиімділіктері айтылды.

Елімізде медиация саласы біраз жылдан бері дамып келе жатыр. Ассамблея қанатының астында. Медиация туралы заң бар. Ассамблеяда медиаторларымыз бар. 5-6  жылда медиаторларымыз қаншама адамның шағымдарына шешім тауып, сотқа жеткізбей, мәмілеге келді. Бұл – үлкен жұмыс. Соның ішінде ұлттық, этносаралық, тұрмыстық мәселелер де бар.

Айта кетейік, медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады. Азаматтар, сондай-ақ заңды тұлғалар медиацияға белсенді түрде жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның арқасында анағұрлым ірі істердің шешілу сапасын арттыруға болады. Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 30-40 % медиация рәсімінен өтеді, олардың 85 %-нда оң нәтижелерге қол жеткізілген. Қазақстанда «Медиация туралы» Заң 2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер