Әділетті қоғам құрудың жолдарын талқылады

image.png

Бүгін Түркістан қаласындағы   "Фараб" ғылыми- әмбебап кітапханасының мәжіліс залында "Түркістан облысы Азаматтық альянсы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Инара Намазбаеваның модераторлық етуінде Түркістан облысының Азаматтық қоғам институты өкілдерінің (ҮЕҰ) кездесуі ұйымдастырылып, өткізілді.

Кездесу-жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев,Қазақстан Азаматтық альянсының директоры Бану Нұрғазиева, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев қатысып,еліміз көлемінде және Түркістан облысының аумағында Азаматтық қоғам институтын дамыту мәселесі жайында сөздерін сөйлеп,осы бағытта үкіметтік емес ұйымдардың атқарар рөлі орасан зор екендігін ерекше атап өтті.

Жиын барысында "Береке" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Гүлсім Аңдабаева,     осы жолдардың авторы, "ЭкоАтамекен" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлнар Ниязова, "Eco Cashback" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владтслав Голярко,"Түркістан облысы Азаматтық альянсы" ҚН ЗТБ атқарушы директоры Ақмарал Әбдінәбиева,"Право" қоғамдық бірлестігінің басшысы Ольга Рыль, "Көмек" дағдарыс орталығының директоры Малика Жусипова, "Шапағат" мүгедектер қайырымдылық қорының төрағасы Еркін Шалтан және "Жалын" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құомет Керімбековтер сөздеріндеөздері жетекшілік ететін үкіметтік емес ұйымдардың бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстары жайлы айта келіп, қоғамдық қатынастарды одан әрі дамыту жолындағы үкіметтік емес ұйымдардың  алатын орнын нығайту бағытындағы өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесуді қорытындылаған Инара Намазбаева барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, оларды елімізде Әділетті қоғам құру ісіне белсене қатысуға шақырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер