Бітімгерлік - даудан сақтайды

image.png

Елімізде атап өтілетін "Медиация күніне" орай республикалық "Елдесу және татуласу" жобасы аясында Түркістан облысының аудан және қала әкімдіктерінің ұйымдастыруларымен жергілікті жерлерде өткізілген іс-шараларға Түркістан облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы Медиация кеңесі мүшелері, мүдделі ұйымдар мен мекемелердің өкілдері, және сондай-ақ , кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысып,медиация саласына

байланысты мәселелер өзекті жөнінде түрлі еркін форматта азаматтарды қабылдаулар өткізді.

Жиындарда медиаторлар азаматтарға бүгінгі таңда ел үшін,жер үшін бірлік пен татулықтың өте қажет екендігін,ал осы құндылықты сақтап және нығайтуда медиация саласының орасан зор ықпалын айтып өтіп,оның қолданылу жолдары мен тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Медиация күніне арналған іс-шаралар Қазығұрт,Отырар, Ордабасы,Сайрам,Жетісай, Мақтаарал,Сауран Түлкібас, Бәйдібек,Созақ,Сарыағаш, Төлеби, Келес,Шардара аудандары мен Кентау, Арыс,Түркістан қалаларында талапқа сай деңгейде өткендігін атап өтуіміз керек. 

Медиация ұғымы қазаққа әуелден жат емес. Ата-бабаларымыз ежелден-ақ, ел арасындағы дау-дамайды мәмілемен, өзара ымырашылдықпен шешкен. 

Ол заманда медиатор міндетін ақылман ақсақалдар мен данагөй қариялар атқарып, ел ішінің тұтастығы мен бірлігін сақтаған. Билер тәжірибесінен бастау алып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан медиация бүгінде заңдастырылып, дауларды сотқа дейінгі сатыда, тіпті сотқа жүгінбестен қарауды көздейді. 

Медиация қызметінің маңызды бағыттарының бірі – этномедиация. Бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы этномедиация рөлін ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірнеше рет атап өтті. Бүгінде медиаторлар ел ынтымағы үшін отбасы татулығы мен беріктігін сақтау, адамдар арасындағы түсініспеушілікті болдырмау, оларды татуластыру арқылы істі сотқа жеткізбеу мақсатында қоғамдық негізде жұмыс атқарып, елеулі еңбек етіп жүр. 

Мерекеге байланысты облыс көлемінде жұмыс атқаратын бірқатар кәсіби және қоғамдық медиаторлар жергілікті басқару органдары тарапынан арнайы алғыс хаттармен марапатталды. 

«Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» демекші, түрлі отбасылық, әлеуметтік кикілжіңнен туындаған дау-дамайлар¬ды сотқа жеткізбей, жұртқа жаймай шешудің жолын осы күнде медиация жақсы атқарып келеді. Түрлі этносаралық түсінбеушіліктер де арағайындық көмегімен жарияға жар салмай шеші¬ліп кетіп жатыр. Осы үшін де медиацияның құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі қызметі зор болып тұр. Сондықтан бітім¬гер¬лік кәсібінде нан тауып жүрген мамандардың құқықтық сауатты¬лығын арттыру, тәжірибесін шыңдау – маңызды істің бірі екені даусыз. Бітістіретін адам табылса, бітпейтін дау жоқ. Сол үшін де ме¬диа¬торлардың рөлі қоғамда қазір артып отыр. Бір жанжал туындар болса, адамдар полиция, сотқа арыз түсірмей, бірден медиация көмегіне жүгіне алады. Бірақ бір ескеретін жайт, әділ төрелікті медиаторға сеніп тапсыруға қос тарап та қарсы болмауы қажет. Жалпы, медиатор дегеніміз – қазақтың кәдімгі билері. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөз бұлардың ұстанымына кіреді. Дауласқандарға сотқа арызданғаннан бітімгерлікке сүйенген тиімдірек. Біріншіден, ешқандай мемлекеттік салық төлемейді, екін¬шіден, уақыт үнемдейді, үшіншіден, бір кездесуден-ақ екі жақ та бір-бірімен қол алысып қайтуы мүмкін. Ал сотта бұл үдеріс ұзақ мерзімге созылады. Сол үшін соттардың жүктемесін азайту мақсатында медиация институтын күшейтіп, құзыретін кеңейтіп жатыр. Қазір сот қылмыстық жауапкершілігі төмен істерді медиацияның міндетіне тапсырып, өзінің негізгі жұмысына толыққанды кірісуге көшкен. Президент тапсырмасы¬мен елімізде жүргізілген сот реформасының көздеген мақсатының бірі де осы еді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер