Ассамблея жастары экоакцияға үлестерін қосты

image.png

Жастарға бағыт жастар керуені аясында “Таза Қазақстан” экологиялық акция Қарабұлақ ауылында жалғасты.  Тазалық акциясы барысында аудандық “Жастар ресурстық орталығы” мамандары мен “Мансап орталығы” мамандары және Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастарының» белсенді мүшесі Надыржан Хасантаев бастаған ауылдың жастары Қарабұлақ ауылы аумағында тазалық жұмыстарын жасады.  Шараға қатысушылар "Жаныс баба" кесенесінің аумағы мен көше бойында тазалық жұмыстарын да жасады. "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы Қарамұрт ауылында жалғасын тапты.

Сонымен қатар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған шаралардың бірі Құтарыс ауыл округі, Арыс өзенінің бойында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Сайрам ауданының филилалы қызметкерлерімен ұйымдастырылды. Ретсіз қоқыстардан, өзен ағысына кедергі келтіретін пластик, шыны бөтелкелерден тазартуға аудандық этномәдени бірлестіктерінің мүшелері және ауыл тұрғындары қатысып, өз үлестерін қосты.

Сондай-ақ Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің үйлестіруімен «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы және республикалық плоггинг шеңберінде аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері, "Қоғамдық келісім" КММ-нің Сайрам аудандық филиалының қызметкерлері және қоғамдық бірлестік өкілдері мен жастардың қатысумен сенбілік өткізілді.

Жібек жолы ауыл округіндегі "Машат" өзенінің жағасында өткен іс-шараға қатысушылар тазалық акциясына барша жұртты бір кісідей атсалысуға шақырды. Осы мақсатта қоғам белсенділері тарапынан тазалықты сақтау бойынша үндеу жасалды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер