Медиация - мәмілеге шақырады

image.png

Бүгін Келес аудандық кәсіби емес (қоғамдық) медиатор О.Егембердиев Ұшқын ауылдық округінің әкімдігінде жергілікті тұрғындар арысында даулы мәселелерді сотқа жеткізбей медиация тәртібімен қарау туралы жұмыстары бойынша жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауда жергілікті тұрғындардың даулы мәселелерін сотқа жеткізбей қарау туралы мәліметтер беріліп, осындай тәлімдік шаралардың алдағы уақытта да жалғасы табылатындығы айтылды.

Азаматтардың кез-келген жанжалды шешу барысындағы ымыраға келуге дайындығы азаматтық жетілу мен жауапкершілігінің көрсеткіші болып табылады, қоғамның құқықтық мәдениетін дамыту деңгейін көтереді, Қазақстанның қоғамдық тұрақтылығы мен барлық әлеуметтік құрылымының беріктігін қамтамасыз етеді.   Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңға сәйкес Қазақстан Халқы Ассамблеясы қызметтерінің негізгі бағыты қоғамдық келісім және жалпыхалықтық бірлік саласындағы медиацияның дамуына ықпалдасу болып табылады. Қазақстан халқы Ассамблеясының Заңына сәйкес, Қазақстан Халқы Ассамблеясының негізгі бағыттарының бірі медиация болып есептеледі. Демек, жалпыұлттық келісімдегі медиацияның ролі өте зор. Медиация – дауларды шешудің баламалы түрі және ең танымал формасы болып табылады. Дамыған мемлекеттердің статистикасы медиация үрдісінің 83-85%-і тиімді екендігін көрсетті. Сонымен қатар медиация – азаматтық қоғамның негізі, демократия мен жаһанданудың жолы деген пікір қалыптасқан.

Сонымен қатар  Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің Келес аудандық филиалының ұйымдастыруымен 5 тамыз - Медиация күніне орай аудандық «жастар ресурстық орталығының» мәжіліс залында Келес аудандық кәсіби медиаторы Суиерова Жанар Түзелқызы  аудандағы этнос өкілдері арасында тұрғындарға жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында медиатор тұрғындарға татулық пен достықты нығайту, қоғамда болып жатқан жанжалдарды азайту, отбасылық құндылықтарды сақтау, халыққа медиациялық құқықтық көмек көрсету мен құқықтық мәдениетті арттыру керектігін айтып өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер