Татуласу - ынтымақтың кілті

image.png

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен 5-тамыз медиация күніне орай аудандық ардагерлер үйінде «Елдесу және татуласу» жобасының аясында ашық есік күні өтті. Аталмыш шарада Төлеби аудандық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Бекмұрзаев, Аналар кеңесінің төрайымы А.Рахишова тұрғындарға қабылдау жүргізді. Халыққа медиациялық құқықтық көмек көрсету мен құқықтық мәдениетті арттыруды мақсат еткен жиында медиаторлар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға көптеп жұмыс атқарды. Жиын татулық пен достықты нығайту, қоғамда болып жатқан жанжалдарды азайту, отбасылық құндылықтарды сақтау және медиация жолмен шешілетін дау–дамайларды түсіндіру бағытында өткізілді.

Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысындағы басым бағыттардың бірі медиация болып саналады. Себебі, ол жанжалды достық жолмен реттеуге, оның барлық тараптарын тиімді шешім қабылдауға тартуға бағытталған. Кейде соттағы шешім тараптардың бірін қанағаттандырмауы мүмкін. Яғни, мұнда жеңілгендер мен жеңімпаздар жоқ, өйткені жағдайдан шығу жолы өзара қолайлы.Бүгінгі таңда медиация институты еңбек дауларын, этносаралық қақтығыстарды шешудің танымал құралына айналып, өзінің тиімділігі мен қажеттілігін дәлелдеді. Соңғы уақытта медиацияға деген сенімнің айтарлықтай артқандығы да байқалады. Адамдар даулы жағдайды шешу үшін медиатордың қызметіне бұрынғыдан көбірек жүгінуде. Қазіргі уақытта «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинеті жұмыс істейді. Төлеби аудандық Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Бекмұрзаев татулық пен достықты нығайту, қоғамда болып жатқан жанжалдарды азайту, отбасылық құндылықтарды сақтау және медиация жолмен шешілетін дау–дамайларды түсіндіру, елдің бірлігін сақтау жолында да өте маңызды мәселе екенін атап өтті.

— Негізі Қазақстан халқы Ассамблеясының әр сессиясы еліміздің бейбітшілік және келісім мәдениетін нығайтып, ел стратегиясының маңызды қадамын белгілейді. Бір мақсат пен бір мүдде аясында ортақ іске ұйысқан мемлекетіміздегі барлық халықтар үшін бірлік пен татулықтың қадірі жоғары тұрады. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында Мемлекет басшысы, Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық құрылымдарымен бірлесе Қазақстан Халқы Ассамблеясының 13 арнайы жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Атап айтар болсақ, «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар», «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі», «Бірлігіміз – әралуандықта», «Жомарт жан», «Ассамблея айнасы», «Біртұтас қоғам: келісім және сенім», «Этномәдени бірлестіктер: реформалардың әлеуметтік базасы», «Салауатты сана», «Адал азамат», «Елдесу және татуласу», «Жаңа толқын», «Тамырлас» «Қазақстан халқы Ассамблеясының академиясы» деген жобалар. Бүгінде бұл жобалар мемлекеттік органдармен, мәслихаттармен өзара іс-қимылын күшейтуге, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге, жалпыазаматтық бірегейлікті, қоғамдағы сенім мәдениетін нығайтуға, қоғамның әлеуметтік кеселдеріне қарсы іс-қимылға, жастарды тәрбиелеуге және жас кадрлар даярлауға мол септігін тигізіп жатыр. Маңызды бастамаларды іске асыруға бағытталған жұмыстар облысымызда да қолға алынуда. Бүгінгі біздің ашық есік күні де «Елдесу және татуласу» жобасының аясында ұйымдастырылып отыр. Жалпы, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының аудан, қалаларда 19 медиация кабинеті жұмыс істейді екен. Оларда 17 кәсіби, 39 дан аса кәсіби емес медиаторлар азаматтарға құқықтық көмектер, даулы мәселелерді сотқа дейінгі шешу жұмыстарымен айналысуда.Бүгінгі Төлеби ауданының төрінде өткізіліп отырған шараның өзінде қатысушылар өңіріміздегі этносаралық тұрақтылықты сақтау бойынша өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасып жатыр. Ауданымызда этномәдени бірлестіктердің жетекшілері аймақтарға шығып, түйткілді мәселелерді шешуге және медиация жұмысын жандандыруға өзіндік үлесін қосып, белсенділік танытып жүр. Бұл өте дұрыс қадам, өте маңызды істердің бірі деп есептеймін. Елімізде  дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде  Қазақстан Республикасының «Медиация туралы»  Заңы қолданылып келеді. Аталған Заң жеке және заңды тұлғалар қатысатын  азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан, сондай ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында және де сотқа дейінгі дауларды шешуге, сонымен қатар атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар бойынша қолданылады. Сондай-ақ медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, жүргізу қағидаттары  мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін анықтап береді. «Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда «делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға»  деген мағынаны білдіреді екен. Яғни, медиация тәсілі сот жүйесіндегі әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден- бір жолы. Бұл тараптарды қанағаттандыру негізінде жүргізілген келіссөз рәсімі. Жалпы медиация деген сөздің  мағынасын  екі  жақты татуластыру рәсімі  деп түсіндіруге болады.» — дейді Төлеби аудандық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Бекмұрзаев

Халыққа медиациялық құқықтық көмек көрсету мен құқықтық мәдениетті арттыруды мақсат еткен жиында медиаторлар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға көптеп жұмыс атқарды. Жиын татулық пен достықты нығайту, қоғамда болып жатқан жанжалдарды азайту, отбасылық құндылықтарды сақтау және медиация жолмен шешілетін дау–дамайларды түсіндіру бағытында өткізілді. Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі деп айтуға болады.  Ұлы қазақ даласының белгілі дара тұлғалары, әділдіктің төрелері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бастаған даналарымыз ел арасындағы кез келген дауды ынтымақпен, бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, ауызбіршілігін, тұтастығын сақтауға үлкен назар аударғаны баршамызға белгілі. Медиация туралы заңымыздың  аты бөлек болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес. Халқымыздың дарабоз билерінің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы екендігін түсінгеніміз абзал. Қазіргі уақытта татуласу, бітімгершілік рәсімінің аясын кеңейтуге, халықтың дауды сотқа дейін реттеуге мүдделі етуге, қоғамдағы шиеленістерді төмендетуге оң ықпал ететін медиация тәсілі қарқынды жалғасын табуда. Жалпы, еріктілік, тараптардың тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі және бейтараптығы, медиация рәсіміне араласуға жол берілмеуі, құпиялылық. Міне дәл осылар медиатор басшылыққа алатын, негіз болатын 5 қағида.

-Тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптардың өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады. Медиаторлар екіге бөлінеді: олардың бірі медиация мәселесі бойынша арнайы білім алып, тәжірибе жинақтаған кәсіби медиаторлар, ал, екіншісі – кәсіби емес медиаторлар. Заңда атап көрсетілгендей, медиаторлықты таңдаған адам өз қызметін кәсіби де, кәсіби емес те негізде жүзеге асыра алады. Жоғары білімі бар, жасы 25-ке толған, Қазақстан Республикасы Медиаторлар одағынан арнайы оқудан өткен кез келген тұлға кәсіби медиатор бола алады. Ал кәсіби емес медиаторлықпен 40 жасқа толған, халық арасында беделді, адамгершілігі жоғары, ары кіршіксіз адамдардың айналысуына толық мүмкіндіктері бар. Олар тұрғындар жиынының ресми хаттамасы арқылы жергілікті атқару органдарына тіркелуі тиісті және де заңгер мамандығы болуы міндетті емес. Медиаторлар өз қызметтерін тек қана жеке құқықтық қатынастар бойынша жүргізеді. Мыналар: мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген, заңда белгіленген тәртіппен сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын, заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам медиатор бола алмайды. Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі, яғни медиация – үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдісі, оны тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсіну абзал. Ол екі жақтың еріктілік, құпиялық, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады. Медиацияның мақсаты — дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар медиацияның қолданылу саласы болып табылады. Қылмысты жасағаны үшiн ең ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет және ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес, сондай-ақ ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет және бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс санатына жатады. Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргiзу кезiнде тараптар қол жеткiзген дау-дамайды реттеу туралы келiсiм жәбiрленушiге келтiрiлген залалдың орнын толтыру және қылмыс жасаған адамның жәбiрленушiмен татуласуы жолымен дау-дамайды реттеу туралы келiсiмдi бiлдiредi.

Соттың қарауында жатқан жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу бойынша медиация туралы шарт іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға негіз болып табылады. Ең бастысы, медиатордың бейтараптығы процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен ерекшеленеді. Бір-біріне талап қоюшы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да медиаторға жүгіну арқылы өзара тиімді мәмілеге келе алады. Қылмыстық істерді қарау аясында тараптар келісімге келгеннен кейін, іс сотта бейбіт келісім ретінде мақұлданады. Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Қорытындылай келгенде, Қазақстан Республикасында «Медиация туралы» Заңның қабылдануы өркениет көшіне батыл бет түзеген біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі екендігін айғақтайды.Негізінен айтқанда, бұл заң қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата бабалар тағылымын, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамның бірі, оның тиімділігі мол деп есептесек қателеспейміз. Дегенмен медиатордың көмегіне жүгінушілер әлі де аз, мүмкін халыққа заңды түсіндіру жұмыстарын әлі де жетілдіру керек шығар. Сондықтан, елдегі медиация институтының дамуына мемлекеттік билік органдары барынша қолдау көрсетіп, институттың кең құлаш жаюына ықпал етуі қажет. Өйткені, медиацияның біздің елімізде болашағы зор. Оны бір деңгейде қолдасақ, медиация халқымызға игі әсерін тигізеді» -дейді мамандар.

Төлеби ауданында 5-тамыз медиация күніне орай ұйымдастырылған «Елдесу және татуласу» жобасының аясындағы ашық есік күні де тұрғындарға бейбіт шешімді насихаттап, елдің бірлігі мен ынтымағын сақтауда маңызды шаралардың мән-мағынасын дәріптеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер