Бүгін Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық филиалының ұйымдастыруы мен «Медиация татулық тірегі» тақырыбында Кентау ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі бөлімі филиал қызметкерлері мен кездесу болып өтті.
Кездесу барысында Кентау қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, заң кеңесшісі медиатор С.Самиева татулық тақырыбына тоқталды. Біздің міндетіміз–медиацияны дамыту мен насихаттау арқылы оның жұмысын жүйелендіріп ұйымдастыру, медиативтік келісімдер жасасу және азаматтар арасында туындайтын даулар (жанжалдар) бойынша консультациялар жүргізу арқылы тараптардың жанжалдар деңгейін төмендету деді.
Сонымен қатар, Кентау ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі бөлімі филиалының сот орындаушысы Б.Аблаев сотқа дейінгі медиацияның қазіргі таңда маңыздылығын айтып, қолданыстағы заңдар аясында түсіндіріп өтті. Жиын соңында сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп тиісті деңгейде пікір алмасты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасында көрсетілгеніндей, Ассамблея қызметінің жаңа бағыттарының бірі елдегі медиация институттарын дамыту болып табылатыны алғашында көп мамандардың таңырқауын туғызды. Әрқашан ел бірлігін көксеп жүретін ұлттық этномәдени бірлестік өкілдері енді ел ішіндегі даулы мәселенің де оңтайлы шешімін табуға атсалысуы алғашында күмән тудырғанымен, уақыт өте мұның оңтайлы шешім болғанын аңғардық. Ассамблея бұл қызметті де ойдағыдай алып кетті.
Жалпы алғанда, негізінен, Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы, тұрақтылық қалыптасқан. Оның ішінде өзге елдерде медиация негізінен халықаралық, этносаралық дау-жанжалдарды шешу кезінде қолданылғанын тарихшылар растайды. Ежелгі Вавилонда, Грекияда осындай мақсатта қолданылған медиацияның біздің елімізде Ассамблеяның бір жұмыс бағыты ретінде белгіленуі тегіннен-тегін емес. Сондықтан, біздің елімізде Ассамблеяның Достық үйлерінен ашылған медиация кабинеттері этносаралық келіспеушіліктердің де алдын алуда үздік тәжірибе болып отыр деп айта аламыз.
Қазіргі таңда бүкіләлемдік тәжірибеде медиация ірі бизнеске тән даулардан бастап, отбасылық дау-жанжалдарда, ажырасу барысында, ортақ мүліктерін бөлу кезінде, азаматтық істерде тиімді қолданылып жатыр. Медиация тәжірибесі бүкіл өркениетті әлемде кең таралған. Халықаралық статистикаға жүгінетін болсақ, әлем бойынша бүкіл келіспеушіліктердің 30-40 пайызы медиация арқылы шешіледі екен. Адами қағида бойынша тараптардың өзара бір-біріне кек сақтамауына, азаматтардың адамгершілік қасиеттерін арттыруға зор ықпалын тигізетін жүйе қазір әлем бойынша үлкен сұранысқа ие. Ұлтымыздың дәстүрінде бұрыннан бар билер институты қазақ қоғамына жат емес екенін уақыт өткен сайын дәлелдеп келеді. Медиацияның қоғам үшін пайдалы екенінің бір дәлелі — тараптар қаржылық шығындарға ұшырамай, уақыттарын да үнемдеп, өзара достық қарым-қатынасты сақтап қалуымен ерекшеленеді. Негізінен бұл жерде тәжірибелі медиаторлардың да маңызы зор. Сондықтан, бүгінде елімізде тәжірибелі медиаторларды көбірек дайындауға күш салынуда. Ассамблея орталықтары да бүгінде медиаторларды дайындау ісіне ден қойған. Елімізде медиация әдісі қолданыла бастағалы бері талап қоюшыларға шамамен 1 миллиард теңге көлеміндегі бюджетке төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылған. Бұл медиация рәсімінің тиімділігінің бір дәлелі. Бүгінде өз елдерінде Медиацияны қолдануды бізден бұрын енгізген елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, ол құқықтық дауларды шешу үшін әр түрлі уәкілетті органдардың қызметінде қолданылуы мүмкін. Сондықтан, біздің елімізде Ассамблея арқылы медиацияның қолданыс аясын кеңейту тың тәсіл деп айта аламыз.