Медиация жанжалға жол бермейді

image.png

Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ-нің Келес аудандық филиалының ұйымдастыруымен Келес аудандық «Жастар ресурстық орталығының» мәжіліс залында "Даулар мен жанжалдарды реттеуге арналған медиация негіздері, сотқа дейінгі міндеттерді реттеу" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Іс-шараның мақсаты: Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарын Келес ауданындағы қоғамдық келiсiм мен ұлттық бiрлiктi қамтамасыз етуге байланысты мүдделi уәкiлеттi тұлғаларды жанжалдардың деңгейiн төмендету және халық арасында толеранттылық пен этносаралық келiсiм мәдениетiн тәрбиелеу мәселелерiнде шоғырландыру.

Кездесуге Келес аудандық кәсіби және кәсіби емес (қоғамдық) медиаторлар және Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Келес аудандық филиалының қызметкерлері қатысты.

Мәжілісті Келес аудандық қоғамдық медиаторы О.Егембердиев ашып, жүргізіп отырды. Іс - шара соңында сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп, жиналғандар тиісті деңгейде пікірлерін ортаға салды. «Соңғы жылдары ел аумағында медиацияға ерекше мән берілуі біздің дәстүрімізден жаңылмай, жаңашыл болуымызды, болашағы біртұтас ел болуымызды меңзейді. Өркениетті қоғамның іргесі заң болса, тұғыры – құқық. Медиация дегенде ең алдымен дауласушы тараптарды құқықтық жолмен өзара келісімге келтіру, заңның үстемдігі арқылы бірлікті сақтау мәселесі айтылады. Түркістан облысында Ассамблея жанынан медиация кабинеті ашылып, медиация кеңесі белсенді жұмыс істеуде. Облысымыздың қала мен аудан аумағындағы кәсіби және қоғамдық негіздегі медиаторлардың ықпалымен дау-дамайларға нүкте қойылды»,- деді ол.

Алғаш Тәуелсіздік алып, ел экономикасы ауырлаған тұста мемлекеттің ертеңі үшін ұлыстар арасындағы тепе-теңдікті сақтауға байланысты жұмыстарды жүзеге асыру қажет болды. Осы орайда, тұңғыш Президентіміз – Елбасының ұлтаралық келісім тәуелсіздікті сақтаудың іргетасы болатындығын ескеріп, көпұлтты халықты біріктіру үшін жүргізген саясаты мемлекет үшін дұрыс бағыт болғандығын уақыт көрсетіп отыр. Осылай құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде ел арасында үлкен беделге ие болып, алыс-жақын шет елдерге танылып отыр. Ассамблея құрылған уақыттан бері көптеген халықаралық жобаларға бастамашы болды. Ол жобалардың негізгі мақсаттары – нәсілі мен ұлтына, тілі-дініне, қай әлеуметтік топқа жататынына қарамастан Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлттардың дәстүрлерін жан-жақты дамыту болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасын кеңейтіп, еліміздегі этностарды бір жерге топтастырып, рухани бірлік идеяларын қалыптастырып, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайтып, татулықты сақтап келді. Бүгінде біздің еліміз халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі және бар әлемге этносаралық және конфессияаралық татулық пен бірлікті сақтаудың нақты үлгісі болып отыр. Бүгінгі таңда медиация Қазақстан Халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып отыр. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтарда қабылданған «Медиация туралы» Заңының дамуына да Ассамблеяның ықпал еткені сөзсіз.

Бүгінде еліміздің әр өңірінде, әр қалада медиаторлар ұйымдары мен олардың өкілдері жұмыс жасап отыр. Олар сот немесе өзге де құқық қорғау органдарына жүгінбестен белгілі мәселелер бойынша дау-жанжалдарды шешуде тиісті көмек көрсете алады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер