Абай мұраларына арналған байқау өтті

image.png

Бүгін Абай күніне орай Бәйдібек ауданында «Ұлы Қазақтың - Ұлы Абайы» атты облыстық байқау бастау өтті. Байқауды Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Пердебек Есқұлов пен аудандық жастардың көшбасшысы Жамбыл Көрікбаев ашып беріп, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар сайысқа қатысушы таланттарға сәттілік тіледі.

Аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған байқаудың мақсаты – жастардың бойында адалдық пен сенімділікті, отансүйгіштікті қалыптастыру, Абай шығармашылығына деген қызығушылық қабілетін ояту. Аталған сайысқа облыстың түкпір-түкпірінен талант иелері қатысып Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін айтудан ІІ кезең бойынша сынға түсті. 

Облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ақтөре Қайрат, аудандық тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Бақыт Оспанова және Шаян мектеп лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қаламқас Мамытова әділ қазылық етіп, жеңімпаздарды анықтап берді.

Сайыс қорытындысы бойынша Орынбасар Жақсыгүл, Сағындық Сұлтан, Қалауов Азамат, Абдирманова Айсара, Үсен Балқадиша жеңіске жетті. Жеңімпаздарға дипломдар мен және қаржылай, ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Абай атамыз қазақ халқымыздың кешегісі мен бүгіні болып табылады. Абай халқымыздың әр заманда жоғын жоқтап, мұңын тыңдап, жағдайын өз шағармаларында көрсетті. Оның әрбір өлеңінде, қара сөзінде халықтың  салт-дәстүрлері мен рухани мәдениетін, оқу-білімін, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын, болашағын, олардың мінез-құлқын тәрбиелеуін тынымсыз ойлаумен, толғанумен болады. Бүгінгі уақыттың түсініктерімен зерделеп айтқанда, ақынның ой барысы қазақ қандай халық, оның арасындағы дау, талас-тартыстарды, тағы басқа осындай  кемшіліктерді  қалай жоюға болады, ол үшін не істеу керек деген сұрақтар мазалағаның байқауға болады. Әсіресе, «Қара сөздеріндегі» ой желісі осы мәселелер маңында түйінделеді. Адамгершілік, толық адам туралы ойлар әрбір қара сөздерінде жан-жақты сарапталады. Әрбір ұлттың ұлылығы өздеріне тән жағымсыз жақтарын жасырмай, аяусыз сынап, көрсете алатындығында деген пікір бар. Абай қазақ халқын басқа халықтардан, ұлыстардан кем деп санаған емес, керісінше халқының озық ойлы, озық мәдениетті елдер санатына қосылып, олардан да асып түссе екен деп армандады. Осы арман үшін өмірін сарп етті. Өз халқының аяулы ұлы ретінде өз заманында орын алған қаракетсіздікке, жалқаулыққа қарсы аянбай күресті.

  Абай Құнанбайұлының философиялық шығырмаларын қолдана отырып, оқыту мен тәрбие  үдерісінде оқушылардың бойына адамгершілік, адалдық, әдептілік, мейірімділік, еңбекқорлық, сабырлық, оқуға, білімді болуға талпыну және патриотизм сезімдерін сіңіруге болады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында  қазақтың кемеңгер ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы ұлт бірлігін өркендету, әділетті қоғам орнатудағы басты идеяларын ашуды мақсат тұтқан. Дарынды ақынның өнегелі өсиеттері арқылы бүгінгі жастарды ұлтжанды, білім мен ғылымға икемді, өз еліне патриот болуға тәрбиелейтін басты темірқазығы ретінде көрсетеді. Қ.Тоқаев асқар ойдың алыбы Абайдың ұлтты жаңғыртуға жол ашатын кемеңгерлігін: «Ол әділетті қоғам құру идеясын көтерген. Демек, Абайдың көзқарастары ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамы және оның береке-бірлігі үшін аса құнды. Хакім Абайдың ұстанымдары өркениетті мемлекет қағидаларымен үндеседі. Заң үстемдігі, биліктің ашықтығы мен халық алдында есеп беруі жоғары деңгейде болып, мемлекет ісіне азаматтық қоғам өкілдері белсене араласқан жағдайда ғана әділеттік берік орнығады» – деп Абай философиясының адамзат өркениеті жолындағы еңбектерін аша түседі.

Президент өзінің мақаласында Абайдың классикалық үлгідегі өнегелі ойларын тек қазақтың ғана рухани қазынасы емес, әлемдік деңгейдейде ойып алар орнын көрсетуді басты мақсатымыз деп санайды. Сол себепті, ең алдымен Абайды өз ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауға шақырады. Өркениетті елдер қазақтың мәдениеті мен әдебиетін, рухани әлемін Абай секілді ұлы тұлғалар арқылы танитындығын айта келіп, оның жарқын есімін жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыра білу – бүгінгі ұрпақтың қастерлі борышы деп есептейді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер