Отбасылардың мерейі тасыған күн

image.png

Бүгін Түркістанда облыстық «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсы өтті. Мерекелік жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

– Бүгінгі жүзден жүйрік шыққан жеңімпаз, үлгілі отбасыларды шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап кетуіміз керек. Себебі қазақ халқы үшін отбасы –қасиетті ұғым, қастерлі құндылық. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізі осы отбасында қалыптасады. Бұл талайды қанаттандырып, талай адамға алтын бесік болған киелі шаңырақ, – деді әкім орынбасары.

Аталған конкурс 11 жылдан бері республикалық деңгейде тұрақты түрде өткізіліп келеді.  Биылғы конкурсқа жалпы 131 отбасы өтінім берген. Аудандық, қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 30 отбасы жеңімпаз атанды. Ал бүгін облыс бойынша үздік деп танылып, жанұядағы жарасымдылық пен өзінің қарым-қабілеттерімен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен 5 үздік отбасы жүзден жүйрік шығып, «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінде топ жарып отыр.

Конкурс қорытындысына сәйкес І орын Сарыағаш ауданының отбасына бұйырды. Ал  ІІ орынды Сауран ауданы мен Түркістан қаласының отбасылары иемденді. Отырар мен Түлкібас ауданының қатысушылары ІІІ орынға жайғасты. 

Жеңімпаз отбасындағы Есіркеп Меңлібаев 74 жаста. Сарыағаш ауданы, Жылға ауылында дүниеге келген. Бүгінде зейнеткер, агрономия ғылымының кандидаты. Жұбайы Орынкүл Меңілбаева зейнеткер, «Алтын алқа» иегері. Үлгілі отбасы 3 ұл, 4 қыз, 22 немере, 11 шөбере тәрбилеп отыр. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сарыағаш ауданының құрметті азаматы, ҚСРО президентінің «Құрмет белгі» иегері, «Тәуелсіздікке 25 жыл» медаль, «Сарыағаш ауданына 80 жыл» мерекелік медаль иегері.

Айта кетейік, облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін шараның мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер