«Салауатты сана» жобасының әдістемелік нұсқаулығы таныстырылды

image.png

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы бастау алғаны белгілі. 

Осыған байланысты жобаның әдістемелік нұсқаулығының алғашқы нұсқасын таныстыру және талқылау мақсатында онлайн форматта «Бес нәрседен қашық бол!» атты зум кездесу өтті. Онлайн жиналысқа Аналар кеңестерінің өңірлік филиалдарының төрайымдары мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің аймақтық жауапты мамандары қатысты. 

Республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи «Салауатты сана» жобасы бойынша әзірленген әдістемелік нұсқаулықты түсіндіріп, қатысушылардың ой-пікірін тыңдады. Жобаны тиімді іске асырудың жолдары бойынша ұсыныстарды қабылдады. Бастысы, Абай атамыздың айтатын «Бес нәрседен қашық бол!» тіркесінің мән-мағынасын Аналар кеңесіндегі әрбір мүше жете түсініп, болашағымыз үшін аянбай еңбек етуге шақырды. 

«Ең алдымен жастарды бес нәрседен өсектен, өтірік айтудан, мақтаншақтықтан, еріншек, жалқаулықтан және бекерден-бекер мал шашудан уалақ  болуға шақыруымыз керек. «Адам бойындағы ең жаман қасиеттерінің бірі – өсек айту болып саналады. Өсек айту арқылы басқа адамға зияныңды келтіресін. Одан да көзбен көргеніңді айт, құлақпен естігеніңді айтпа. Өтірік айтудан мүлдем аулақ болған адам, әрқашанда беті ашық болып, басы тік жүреді. Жалқау адам  қорқақ  болады, оның тіршілігі де мардымсыз, сүреңсіз, мағынасыз болады, ал мақтаншақ адам ақылсыз, надан адам деп айтуға болады», деп әрбір айтылған қасиеттерге тоқтап, мағынасын ашып беруге тырысуымыз керек. «Адам бес нәрсе қашық болу керек, яғни адам баласы бұл өмірде өзінің мәртебесін, алдына қойған мақсатына жету әрекетін жасау, жақсы жетістіктерге жету  жолын дұрыс таңдау,   еңбекқор болу, және де терең ой дегенде, адам не істеседе, әр қадамын ойлап, не үшін, дұрыс істедім бе деп терең ойлана білсе, дұрыс әрекеттерді жүрек түбіне бойлай біле білсе, қанағаттанарлық таныта білсе, сонда адам баласы  өмір сүруі мағыналы, еш қиындықсыз болмақ», деп ой саламын деп айтуға болады.

Бес дұшпан  – өзімшілдік (яки эгоист) мінездің, ал бес асыл іс – көпшіл (халықшыл) мінездің көрінісі. Екі мінез антипод: біріншісі – қатігез, екіншісі – бауырмал. Жан мен тәннің таласы, әлбетте, қоғамдық өмірде ғана емес, әр адамның жүрегі арқылы өтетін мәңгілік күрес. Фалсафа ілімінде мұны сана мен тұрмыстың билікке таласы дейміз.

Алдыңғы аталған бесеуді ойшыл «бес дұшпаның» деген. Неге? Себебі, ел бұзылуы, яғни әлеуметтік әділеттілік пен дәстүрлі өмір реттілігі бүлініп, қоғамның қилы өрнекке орануы – осы бесеудің ісі. Абайдың: «Ел бұзылса, табады шайтан өрнек» дейтіні сол

Қорыта айтқанда, Абай «Бес нәрседен қашық бол» және «Бес нәрсеге асық бол» деуімен өмір сүрудің моделін анықтап берген. Ол бойынша жан тәнді (яки сана тұрмысты) билеуі шарт. Абай діттеген табиғи модельге  құлақ аспасақ, сөз жоқ, рухсыздық пен құдайсыздық ауадай жайылып, төмен қарай құлдырау жалғаса бермекші. «Бес асыл іс» философиясынан алар ғибрат, түйер түйін осы. 

Әдістемелік нұсқаулықтағы әрбір ақпаратты негізге ала отырып, оның шешу жолдары бойынша ұсыныстар әзірлеп, оларды жыл сайын өтетін Ұлттық құрылтай деңгейіне шығарудың маңыздылығына тоқталды. Орталық Азиядағы көршілес елдердің тәжірибелеріне сүйене отырып, қоғамдағы бес кеселмен ел болып күресуге бір кісідей атсалысуға шақырды. 

Айта өткен жөн, Түркістан облысындағы аудан, қалаларда Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің жергілікті төрайымдары жұмыс істейді. Ардақты аналарымыз қоғамның барлық салалары бойынша белсенді, сауатты жандар. Ару аналар елімізде өтіп жатқан барлық шараларға өздігінше үн қосып, қоғамға барынша пайдалы болуда қалыс қалмай келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер