Қазақстан халқы Ассамблеясының “Қазақтану” мәдени - ағартушылық жобасы аясында Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың “Қара сөздерін” мәнерлеп оқудан этнос жастары арасында онлайн байқау өткізілді.
Байқауға аудан, қала жастары қатысты.
Қортындылай келе, Сайрам ауданы Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжінің студенті Исламова Дилноза ІІІ орын иеленді.
Ал Сайрам ауданы N10 Далабазар жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы Гавхарбекова Лайло ІІ орынға, Сауран ауданы Қожа Ахмет Яссауи атындағы жалпы білім беретін мектептің 7 сынып оқушысы Абдурахманова Рухшона І орынға лайық деп танылды.
Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өз ғұмырын тек өлең жазуға, орыс және басқа да тілдерден аудармалар жасауға арнамаған. Сонымен қатар публицистикалық шығармаларын яғни "қара сөздерін" жазып қалдырғаны белгілі.
Қара сөздің барлығын публицистикалық шығарма деп тануға әбден болады. Себебі қайсы-бірін оқысаңыз да санаңызға қозғау салып, ойыңызды шымырлата түспегі анық. Тіпті білім-ғылым жайында жазылған қара сөздерден ерекше қуат алып, мотивация алатын жандар да баршылық. Әрбір қазақ азаматы осы қара сөздерді оқып шығуға міндетті деп санаймын. Әлбетте ол ұлтының нағыз жанашырын тәрбиелеп шығаратыны анық. 45 қара сөздің барлығын да жаттап алған жастардың саны бүгінгі күні аз болса да алдағы уақытта көбейетініне сенемін.
Бірлікке, тірлікке, ізгілік пен адамгершілікке шақыратын публицистикалық шығарманы неге жаттап алмасқа?!Ақыл жүрек қайрат үшеуін бірге ұстап Абай атамыздың нұсқауымен жүрсек келешегіміз жарқын болшағымыз баянды болары сөзсіз!