Түркістандық Ассамблея жастары «Бірлік» халықаралық жастар лагеріне қатысты

image.png

Қазақстан халқы Ассамблеясын жыл сайын ұйымдастыратын «Бірлік» халықаралық жастар лагері биыл шырайлы Шығыс Қазақстанда, Алтай ауданындағы «Балақай» спорттық-сауықтыру орталығында өтті. «Бірлік» лагеріне «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облысы өкілдігінің мүшелері Наталья Григорьева және Татиев Элдор қатысты.

Шараның басты мақсаты - Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар бастамаларын белсенді қолдай отырып, жастар арасында достық байланыстарды дамытуға, мәдени әралуандық қағидаттарына негізделген жастар қоғамдастығын құруға жәрдемдесу, Қазақстан Халқы Ассамблеясының негізгі қағидаттарын жастар арасында ілгерлету.

Лагерьге Өзбекстан, Моңғолия, Қытай елдерінен үш қандасымыз және еліміздің әртүрлі аймағынан 60-тан астам қатысушы келді.

Үш күнге жоспарланған лагерь бағдарламасы жастардың әлеуетін дамытуға бағытталып, оның аясында пікірталас алаңдары, оқыту тренингтері, мотивациялық кездесулер, спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды.

- Еліміздің түкпір-түкпірінен және шет мемлекеттерден 60-қа жуық жастар жиналды. Шығыс Қазақстан еліміздегі ең көрікті өңірлердің бірі болғандықтан биыл халықаралық жобаны осы облыста өткізетін болып шешім қабылдадық. Негізі «Бірлік» лагері 10 жылдан бері түрлі облыста ұйымдастырылып келеді. Мәселен, былтыр Алматы облысында ұйымдастырғанбыз. Ондағы негізгі мақсатымыз - жастарға еліміздің әсем табиғатын таныстыру, көрсету, қоғамдық келісімді насихаттау. Осы арқылы Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа пулын және жаңа тұлғалар қалыптастырмақпыз, - дейді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ сарапшысы Еламан Елемес.

Лагерге жыл көлемінде белсенді жұмыс істеп, ерекше көзге түскен жастар жиналады. Жоба шарты бойынша 18 бен 26 жас аралығындағы, осыған дейін осы титегі Ассамблея лагеріне қатыспаған жаңа жастар болуы шарт.

Жоба аясында шақырылған спикерлер жастарға азаматтық құндылықтарды дамыту және қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған мәдениетаралық коммуникацияларды ілгерілету бойынша дәрістер өткізді.

Жалпы, жастар лагерінде 6 мотивациялық кездесу, 2 оқыту тренингі, 5 спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер