Қоғамдық келісімді нығайту жайы талқыланды

image.png

Бүгін Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы, аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы Ассамблеясы  хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы  Ғалым Шойкинның қатысуымен кездесу өтті

Кездесудің мақсаты - Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларының жүзеге асырылуы, қоғамдық келісімді қалыптастыру жолында Ассамблея мүшелерімен бірлесе жүзеге асып отырған жұмысты жетілдіру жолдарын талқылау.

Жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері, Сарыағаш және Келес аудандары әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. 

«Ассамблея еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Ол солай болуы тиіс. Түркістан облысы этнос өкілдері көп шоғырланған аймақ. Сондықтан да әрбір азамат бірлікті нығайту үшін қызмет етуі керек», - деді Ғалым Шойкин.

Сондай-ақ Ғалым Нұрмағамбетұлы мен Ғалымжан Жайықбайұлы Сарыағаш және Келес ауданындағы этномәдени бірлестіктер мен Қазақстан Халқы Ассамблеясы  құрылымдары жетекшілерімен кездесу өткізді. 

Жиынға Сарыағаш және Келес ауданы Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы құрылымдар жетекшілері мен мүшелері, қоғам белсенділері, этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен мүшелері қатысты. 

Ұлт татулығы мен заң әділдігі берік орнаған елімізде ешкімді аз ұлт өкілі немесе саны көп ұлт өкіл деп бөлмейді. Бәрінің құқығы мен заңды күші бірдей екені екінің біріне белгілі. 

Ел халқының бірлігі мен келісімі, эмоциясы мен көңіл күйі адамның еліне, мемлекетіне деген сүйіспеншілік деп қарауға болады. Қазақ немесе орыс, өзбек немесе украин, армян немесе ұйғыр ұлты болсын, әрқайсы адамның көкірегінде, бойында мемлекетке дешен патриоттық рух, республикамызға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі бар екені анық. Қазақстанда республикасында өмір сүретін әрбір адам, елде тұратын барлық ұлт өкілдері арасындағы татулық пен бірлікті, достық пен тыныштықты мақтан тұтып айтып жүргені белгілі. Бұл көзқарастар Қазақстан қоғамының саяси әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы тұрақтылығының негізі тірегі болды деп санаймыз. Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстан республикасында кез келген дінді ұстануға рұқсат етілген, мемлекет әркімнің дін ұстану бостандығын құрметтейді және құрметпен қарайды.

Алқалы басқосуда аудан тұрғындары ұсыныс-пікірлерін ортаға салды, сондай-ақ қатысушылар этносаралық татулықты сақтау бағытында пікір алмасты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер