Биік мақсаттарға жету үшін ел бірлігін сақтай білуіміз керек

image.png

2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына  "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауын жариялаған болатын. Жолдауға Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы,

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Бахадыр ИРСМЕТОВ  қолдау білдірді. 

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдады.  Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылды.

Алқалы отырыс барысында Президент елімізде атқарылған нәтижелі жұмыстар мен оңды істерді атап өтті. Әсіресе, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отырғандығын алға тартты.

Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. 

«Біз қиындықтарға мойымай, барлық мәселені біртіндеп, байыппен шешуіміз керек. Мұның бәрі халықтың тұрмыс-тіршілігіне ғана емес, қазіргі бұлыңғыр замандағы еліміздің тағдырына да тікелей әсер етеді. Біздің ұзақ мерзімге арналған даму жолымыз – айқын. Биік мақсаттарымыз бар. Оған жету үшін, ең алдымен, ел бірлігін сақтай білуіміз керек. Бір-бірімізге қолдау білдіріп, құрмет көрсетуіміз қажет. Біз – берекелі бірліктің арқасында түрлі сынақтан сүрінбей өткен халықпыз. Алдағы уақытта да солай болмақ. Бәріміз бір ел болып, әділетті және дамыған Қазақстанды бірге құрайық. Сонда әркім өз елінің кірпіші болып қаланып, арман-мұратына жете алады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы әр адамға және баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті, яғни Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет екендігін баса айтты.

“Мен Мемлекет басшысы ретінде осы міндетті орындауға бар күш-жігерімді саламын. Сіздер де ортақ мақсатқа жету үшін табанды еңбек етесіздер деп сенемін. Қастерлі Отанымыз – Қазақстан өркендей берсін! Халқымыз аман болсын!», - деп аяқтады сөзін Президент.

Бұқараның билікпен жақын екендігін аңғартатын бағыттың нәтижесі маңызды екені белгілі. Көптеген келісті мәселелерді қамтыған Жолдау мемлекетімізді жарқын болашаққа жетелейді. 

Сондықтан, Жолдауда айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін қоғам болып атсалысқан жөн. Ендеше, шешуші кезеңде үлкен-кіші демей, бәріміз де белсенділік танытуымыз керек»,- дейді ол сөзінде. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер