Конституция - ел тірегі!

image.png

Бүгін Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев қатысып, айтулы мерекемен құттықтады.

-Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды егемен еліміздің ең басты мерекесінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік – халқымыз үшін ең қастерлі де, қасиетті ұғым болса, сол ұғымның түпкі негізі – мемлекеттің біртұтастығына тікелей байланысты. Ал Ата Заң – мемлекеттің іргетасын бекітумен қатар әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуының басты бағдары. Сондықтан дана халқымыз «Заң бар жерде тәртіп те, тәрбие де, тағылым да бар» деп бекер айтпаған. Конституциямызға құрмет көрсету – ел тұрғындарының бұлтартпас парызы. Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтап, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!- деді аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев.

Бұдан бөлек салтанатты шарада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында жан-жақты ізденіспен жұмыс жасап, қоғамдағы саяси тұрақтылықты, татулық пен бірлікті қамтамасыз етуде табыс биігінен көрінген бірқатар азаматтар аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталып, Ата заңның қасиеті мен маңыздылығы дәріптелген салатанатты іс -шарада отаншылдық тақырыбындағы патриоттық әндер шырқалып, көрермен назарына ұсынылды.

Сонымен қатар, айтулы мерекемен аудандық мәслихаттың төрағасы С. Тасқұлов құттықтай отырып, ауданның белсенді азаматтарын марапаттады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер