Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану – әрқайсымыз үшін парыз. Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі тілін білген адамның бойында ұлттық, халықтық, елдік, мемлекетшілдік қан ойнайды. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді.Тілдер мерекесімен тұспа-тұс келген, осындай рухани мейрамның 5 қыркүйекте тойлануына себеп болған қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ағартушы, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Осыған орай Мақтаарал аудандық орталық кітапханада Тілдер күніне арналған "Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры" атты іс-шара болып өтті. Шараны орталық кітапхана басшысы Г.Ақбаева, «Қоғамдық келісім» КММ филиалы, Мақтаарал аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева ашып, Қазақ тілін дамыту және тарату; жас ұрпақтың бойында өз халқының да, елде тұратын басқа ұлттардың да мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыруды, қазақ тілінің құндылығын насихаттады.
Іс-шара барысында кітапхана оқырмандары өлең оқып, ән салып, мерекелік іс-шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.
Шара соңында Мақтаарал аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасының орынбасары Қ.Жиренбаев , аудандық орталық кітапхана басшысының орынбасары Ж.Зұлпыхарова жас ұрпаққа ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге, ана тілін ардақтай білуге деген өз ізгі тілектерін айтты.
Мерекелік шараны кітапхана қызметкерлері М.Шахановтың сөзіне жазылған "Рух пен тіл" әнімен аяқтап көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.