«Құрметті азаматтарға» құрмет көрсетілді

image.png

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, Төлеби аудандық Мәдениет үйінде мерекелік жиын өтті. Еліміздің еркіндігі мен тәуелсіздігіміздің  тұрақтылық символы айналған Ата Заңның қабылданғанына биыл – 29 жыл. 

 Конституция қабылданғаннан бергі өткен уақыт тарихи өлшемдер тұрғысынан аз болғанымен, біз үшін ол өткен жолымызды ой елегінен өткізу мүмкіндігі берілген кезекті кезең болып табылатынын айтқан аудан әкімі Төлеген Телғараев аудан халқын мерекемен құттықтады. 

Конституция – мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі. Осы тарихи құжат арқылы біз еркіндігіміздің негізін, тәуелсіздігіміздің іргетасын бекіте түстік. Бұдан былайғы кезеңде де тәуелсіз ел ретінде өркендей беруіміздің кепілі бола береді. Конституция қағидалары толықтай елімізді демократияландыруға, экономикалық өрлеуге, халықаралық деңгейде өсуге, ішкі деңгейді әлеуметтік, саяси-құқықтық тұрақтылыққа, ауызбірлікке шақырады.

- Қазақстан Республикасы - зайырлы, құқықтық мемлекет. Сол себепті,  күнделікті өмірде кездесетін кез-келген  мәселеден бастап, күрмеуі қиын күрделі проблемаға дейін Ата Заңның  негізінде шешімін табады.  Айбарлы Ата Заңымызды құрметтеп, оның әрбір баптарын сақтай білейік. Конституциямыздың мерейі артып, ел өмірінің дамуына, әлеуметтік-құқықтық жағдайының жақсаруына қызмет ете берсін деп тілеймін. деді құттықтау сөзінде аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы. 

Береке мен бірлігі жарасқан, 20 дан астам этнос өкілдері мекен еткен ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы да қарқынды жүруде. Қазіргі кезде Төлеби ауданындағы 55 елді мекен табиғи газбен 100 пайыз қамтылып, 54 елді мекен орталықтандырылған ауыз су құбырына қосылған. 150 ге жуық көшелерге түнгі жарық шамдары орнатылып, көптеген әлеуметтік мәселелер шешімін табуда. Биылғы жылы 3 мектеп күрделі жөндеуден, 33 білім ошағы ағымдағы жөндеуден өтуде. Аудан қарияларының денсаулығын түзеп, бос уақытын тиімді өткізуге арналған «Жарқын өмір, Тең қоғам» секторы іске қосылды. Ауданның өркендеуі мен дамуы жолындағы игілікті істер жалғасын табуда, 

Мерекелік жиында еліміздің кемелденуі жолындағы игілікті еңбектерінің нәтижесінде биік абырой мен беделге ие болған азаматтарға аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы Төлеби ауданының «Құрметті азаматы» атағы табыстады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер