Ел дамуының кепілі – саяси тұрақтылық

image.png

Бүгін Кентау қалалық Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік шараға қала әкімі Жандос Тасов, қалалық мәслихат төрағасы Қабылан Елеусізов және мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғамдық ұйымдар, этномәдени бірлестік мүшелері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Айтулы шара Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқаумен басталды. ҚР Конституция күні биыл 29-шы рет аталып өтуде.

Салтанатты жиында Жандос Қалмырзаұлы жұртшылықты мерекемен құттықтады.

«Келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі – саяси тұрақтылық, бір шаңырақ астындағы бірлік. Сондықтан бүгінгі берекемізді бекем еткен осындай қастерлі де асыл құндылықтарымызды өскелең ұрпаққа аманат ете білейік. Жылдан жылға Тәуелсіздігіміз, береке - бірлігіміз нығая берсін.», — деді қала әкімі.

Сондай-ақ, шара аясында өз міндетін абыроймен атқарып жүрген бірқатар сала мамандары қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Жиын соңы қалалық Мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты. Олар көрермен назарына рухты әндер шырқап, қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер