Кентау қалалық өзбек эномәдени бірлестігінің төрайымы Самиева Санабар Садуллақызы конституция күнінің маңыздылығын атап өтіп, отандастарын мерекемен құттықтады. «Ата заң – бұл адамның тең құқықтары мен бостандығының сақталуы сондай-ақ
мемлекетіміздің жарқын да күш -жігерлі болашағының кепілі. Ата заңымыздың арқасында біз тұрақты келісім мен өркендеу жолымен болашаққа нық, әрі сенімді қадамдар басамыз.
Сіздерді айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отыра сіздерге мықты денсаулық, бірлік пен ынтымақ, бақыт және береке тілеймін. Еліміз аман,болашағымыз жарқын болсын!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!»,- деді ақжарма білегін білдірген ол. Сондай-ақ Кентау қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Кривенцова Маржан Қазыбайқызы да өзінің пікірін білдірді. «Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Конституция мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қалай отырып, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және Қазақстан қоғамын біріктіруге зор үлес қосты.
Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін.
Осы мерекеге орай, баршаңызға бейбіт өмір, игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!» - дейді төрайым.
Қазақстандықтарға ізгі тілегін Кентау қаласы Қазақстан Халқы Ассамблея жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Садуов Талғат Нұралыұлы да жеткізді. «Қазақстанның негізгі заңнамасының күні саналатын 30 тамыз – біздің байтақ даламыздың әрбір азаматы үшін үлкен мереке. Қазақстанның Ата заңы – еліміздің демократиялық дамуының берік іргетасы. Конституция – азаматтардың құқығы мен бостандығын, қуатты мемлекетіміздің егемендігі мен бүтіндігін сақтайтын темірқазық. Бүгінгі Қазақстанның әлемдегі жоғарғы беделі – бұл біздің тікелей ішкі жетістіктеріміздің, бейбітшілік сүйгіш саясатымыздың және ірі халықаралық жобалардағы бастамашылығымыздың нәтижесі. Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, құт-береке мен жайлылық тілеймін. Ынтымағы жарасқан еліміздің бағы асып, мерейі арта берсін!».