Келес аудандық «Жастар ресурстық орталығының» мәжіліс залында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Келес аудандық Ақсақалдар кеңесінің ІІІ тоқсандағы отырысы өтті.
Аталған жиынға Келес ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ибрагимов Әсет Жақыпбекұлы мен бірнеше ауылдық округтердегі учаскелік полиция инспекторлары, Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Оразымбетова Феруза, Келес аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен белсенді мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері, Келес аудандық «жастар ресурстық орталығының» мамандары мен талантты жастарды қолдау бөлімінің басшысы Мархабаев Нариман Әбүбәкірұлы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Келес аудандық филиалының қызметкерлері қатысты.
Жиында Келес аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұртаев Лесбек Ағылұлы модераторлық етті.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1.Келес аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторларының ауылдық округ аумағында атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет.
2.Келес аудандық «жастар ресурстық орталығының» аудан жастары және Ассамблея жастарымен атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет.
3.Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Келес аудандық филиалының 6 айда атқарған жұмыстары жөнінде мәлімет.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Келес ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Ибрагимов Әсет Жақыпбекұлы баяндама жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ал, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Келес аудандық «жастар ресурстық орталығының» Талантты жастарды қолдау бөлімінің басшысы Мархабаев Нариман Әбүбәкірұлы баяндама жасады. Сонымен қатар күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Келес аудандық филиалының маманы Жаңбыр Арман Әбдрахманұлы баяндама жасады.
Іс - шара соңында сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп, жиналғандар тиісті деңгейде ұсыныс пікірлерін ортаға салды.
Жиынды қорытындылаған Келес аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Л.Нұртаев - біздің басты мақсатымыз жас ұрпақты болашақта еліміздің тізгінін ұстар буынды тәрбиелеу және аса зор құндылығымыз-тәуелсіздігімізді сақтау. Ақсақалдар кеңесінің негізгі бағыты елімізде жүргізіліп жатқан отбасылық - демографиялық саясатқа қолдау көрсете отырып отбасы институтын сақтау мен нығайтуға ықпал ету, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосу. Елдің бірлігі мен бірегейлігін сақтау, өскелең ұрпақ тәрбиелеу, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Сіздерді еліміздің ертеңі мен мемелекетіміздің болашағы үшін осы бағытта шаршамай жүйелі жұмыстарды бірге жүзеге асыруға шақырды.