Аналар қоғам болашағына алаңдаулы

image.png

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Аналар кеңесінің ІІІ тоқсандық отырысы өтті.  Аталған кеңес отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Аналар кеңесінің төрайымы А.Рахишова және кеңес мүшелері, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиал  қызметкерлері, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» психолог маманы М.Оразбай, әдіскер А.Тұрлыбекова, инспектор А.Ашетова және  Көксәйек елді мекенінде орналасқан Төлеби жалпы орта мектебінің ұстаздары  қатысты.

Күн тәртібінде «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлу. Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік, нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу тақырыптары қаралды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: "Сол сияқты тағы бір қауіпті кесел – лудомания, яғни құмарпаздық. Кейбір мәліметтерге қарасақ, 400 мыңға жуық азамат – букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиенті. Бұл – тұтас бір қаланың халық санына пара-пар көрсеткіш. Шын мәнінде, лудомания – бейбіт күнде елдің шырқын бұзып жатқан қатер. Соның кесірінен талай шаңырақ шайқалды. Талай азамат заң бұзып, қылмысқа ұрынды. Құмар ойын үшін қарызға батып, өзіне қол жұмсаған жандар туралы хабарлар, өкінішке қарай, күн сайын тарап жатады. Бұл дерт жас ұрпаққа өте үлкен зиян келтіреді. Онлайн-ойындар балалардың күнделікті ермегіне айналып барады.

Құзырлы органдар былтыр интернет-казиноның белгісі бар 4 мыңнан астам сайтты бұғаттады. Біз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу үшін кешенді жоспар қабылдадық. Үкімет лудоманиямен күреске қатысты дәл сондай жоспар қабылдауы керек. Құмарпаздыққа заң жүзінде шектеу қою қажет. «Amanat» партиясы фракциясының бастамасымен осы мәселе бойынша тиісті заң жобасы әзірленді. Парламентте қаралып жатқан сол жобаны осы сессияның соңына дейін қабылдау қажет. Біз жастардың құмар ойынға салынып, арзан табысқа ұмтылуына жол бермеуіміз керек. Адал еңбекпен тапқан табыс қана берекелі болады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг пен агрессия да қазіргі уақыттағы қатерлі үрдіс. Ашығын айтсақ, қоғамда қатігездік күшейіп барады. Біреуге тіл тигізіп, ар-намысын таптап, тіпті, ұрып-соғуға дайын тұратындар аз емес. Жедел жәрдем және қоғамдық көлік жүргізушілеріне шабуыл жасалғанын білесіздер. Адамға әлімжеттік көрсету, қорлау дұрыс емес. Мұндай теріс әрекеттерге көз жұма қарауға болмайды. «Ауруын жасырған өледі». Сондықтан біз осы қоғамдық дертті жасырмай, ашық айтуымыз керек. Азаматтарымыз үйде де, түзде де өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда, қауіпсіз ортада өмір сүруі керек. Заң мен тәртіп қатаң сақталуға тиіс, яғни қоғамда Заң үстемдігі болуы қажет. Ең бастысы, біз мейірімді әрі мәдениетті ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.

Тағы бір кесел, бұл – вандализм. Өкінішке қарай, қоғамдық мүліктен бастап, мыңжылдық мәдени мұраларға дейін – бәрін жаппай бүлдіру кейінгі кезде әдетке айналған. Бурабайдағы Жұмбақтасты, Баянауылдағы Кемпіртасты қараңыздар. Ең жауһар жерлеріміздің сұлулығы шимайдың астында қалып жатыр. Үйдегі лифтіні, ауладағы ойын алаңын, көшедегі аялдаманы қиратудың қандай қисыны бар?! Мұның бәрі – барып тұрған тәртіпсіздік, мәдениетсіздік. Өркениетті елдің әрбір азаматы қоғам мүлкін өз мүлкіндей қорғауы керек. Дүние жүзінде, нақты айтқанда, Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Қытайда, Сингапурда жағымды мысалдар көп, осы елдер көпке үлгі болып отыр. Ал біз неге олардан кем болуымыз керек?",- деген болатын. 

Отырысты Аналар кеңесінің төрайымы А.Рахишова жүргізіп отырды. Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік, нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу туралы, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп  баяндама жасап, алдағы жоспарларды пысықтады. Аудандық шешен этномәдени бірлестігінің мүшесі Шаухалова Хава Хусенқызы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлу, қолдау тақырыбында баяндамасы тыңдалды.

Жиын соңында Төлеби аудандық Аналар кеңесінің төрайымы А.Рахишова этностар арасындағы татулықты сақтау үшін, этносаралық қақтығыстарға жол бермеуге шақырып, жиынға қатысушыларға, дендеріне саулық, еңбектеріне табыс тіледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер