Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды

image.png

Түлкібас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің мәжіліс залында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Түлкібас аудандық Ақсақалдар кеңесінің 

ІІI тоқсандағы отырысы өтті.

  Аталған жиынға, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің Түлкібас аудандық филиалы ұжымы, Түлкібас  аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен мүшелері, Түлкібас ауданы ауылдық округтерден сайланған Ақсақалдар кеңесінің төрағалары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері, Түлкібас ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімі бастығы Байменов Талғат Мұсаұлы,  Түлкібас аудандық полиция бөлімі, учаскелік полиция инспекторы Сәрсепбаева Аида Қайратқызы және Байжанисова Айнур Аликуловна қатысты. 

  Жиында Түлкібас аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Анашев Қалаубек Анашұлы модераторлық етті.

Күн тәртібіндегі мәселелер:

1. Түлкібас ауданында әскерге шақырылған азаматтардың ұлттық құрамы және жастар әскери борышын өтеу туралы;

2. Отбасыдағы зорлық-зомбылық туралы;

3. Этнос өкілдері тығыз орналасқан Майлыкент, Рысқұлов, Мичурин, Састөбе, Ақбиік, Жаскешу, Тастұмсық, Балықты ауылдық округтерінде болуы ықтимал шиеленістер ошақтарын анықтау мен алдын алу шараларына талдау жұмыстарын жүргізу;

  Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша: Түлкібас ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімі бастығы Байменов Талғат Мұсаұлы баяндама жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

  Ал, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша: Түлкібас аудандық полиция бөлімі, учаскелік полиция инспекторы Сәрсепбаева Аида Қайратқызы баяндама жасады.

 Іс - шара соңында сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп, жиналғандар тиісті деңгейде ұсыныс пікірлерін ортаға салды.

 Жиынды қорытындылаған Түлкібас аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Анашев - біздің басты мақсатымыз жас ұрпақты болашақта еліміздің тізгінін ұстар буынды тәрбиелеу және аса зор құндылығымыз-тәуелсіздігімізді сақтау. 

Елдің бірлігі мен бірегейлігін сақтау, өскелең ұрпақ тәрбиелеу, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Сіздерді еліміздің ертеңі мен мемелекетіміздің болашағы үшін осы бағытта шаршамай жүйелі жұмыстарды бірге жүзеге асыруға шақырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағаштықтар қолдау білдірді
  • Зиялы қауым өз ойларын ортаға салды
  • Жетісайлықтар да қолдайды
  • Күн тәртібіндегі мәселелер қозғалды
  • Жастар арасында этноквест өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер