Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті

image.png

Бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Шорнақ ауылдық округіндегі «Қамқорлық» орталығында аудандық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен этнос және қоғамдық ұйымдармен және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, еркін форматта пікір алмасты. 

Жиынға «Қоғамдық келісім» мекемесінің аудандық филиалының басшысы Арсылан Раматуллаев, аудандық өзбек-этно мәдени бірлестігінің төрағасы Құрманбай Рысбеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оразбек Әміреев, Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Нышанкүл Жұманова, «Әжелер алқасының» төрайымы Райхан Полатова, этнос және зиялы қауым өкілдері қатысты.

 - «Бірлік - береке бастауы» демекші, елдің бірлігін ұйыстыруда сіздердің көмектеріңіз қажет. Ауызбіршілігіміз мықты болса, берекеміз молаяды. Өздеріңізге қарасты ауылдарда елді ынтымақ, бірлікке шақыруда, жастар тәрбиесіне қатысты мәселелерді алға тартып, насихат жұмыстарын жүргізуге ықпал етсеңіздер. Алдымызда көптеген жоспарлы жұмыстар күтіп тұр. Ауданның экономикасын көркейтіп, халықтың әл-ауқатын көтеру кезек күттірмейтін мәселе», - деді Мақсат Асылбекұлы. 

Кездесуде барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров 

 Жиында ақсақалдар өздерінің ұсыныс пікірлері мен мәселелерін ортаға салды. Еркін форматта өткен кездесуде түрлі бағытта жастар тәрбиесі, той мәдениеті, елді ынтымаққа шақыруда ауызбіршіліктің болуы тағыда басқа көптеген мәселелер айтылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағаштықтар қолдау білдірді
  • Зиялы қауым өз ойларын ортаға салды
  • Жетісайлықтар да қолдайды
  • Күн тәртібіндегі мәселелер қозғалды
  • Жастар арасында этноквест өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер