Түсіндіру тобы студенттермен кездесті

image.png

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Кентау гуманитарлық-техникалық колледжінде кездесу өтті. 

Қалалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қалалық Әжелер алқасының төрайымы Р.Жұмабаева, Әжелер алқасының мүшесі М.Сағымбаева, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің инспекторы Ж.Аринова, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ-нің теолог маманы Б.Нағызхан, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Коғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының басшысы Ғ.Тәжібаев, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Қ.Оразбай қатысты.

Кездесуде студент жастарға теріс ағымдардың зияны, ұлттық құндылықтар, этносаралық татулық және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану жөнінде сөз қозғалды.

Ұлт татулығы мен заң әділдігі берік орнаған елімізде ешкімді аз ұлт өкілі немесе саны көп ұлт өкіл деп бөлмейді. Бәрінің құқығы мен заңды күші бірдей екені екінің біріне белгілі. 

Ел халқының бірлігі мен келісімі, эмоциясы мен көңіл күйі адамның еліне, мемлекетіне деген сүйіспеншілік деп қарауға болады. Қазақ немесе орыс, өзбек немесе украин, армян немесе ұйғыр ұлты болсын, әрқайсы адамның көкірегінде, бойында мемлекетке дешен патриоттық рух, республикамызға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі бар екені анық. Қазақстанда республикасында өмір сүретін әрбір адам, елде тұратын барлық ұлт өкілдері арасындағы татулық пен бірлікті, достық пен тыныштықты мақтан тұтып айтып жүргені белгілі. Бұл көзқарастар Қазақстан қоғамының саяси әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы тұрақтылығының негізі тірегі болды деп санаймыз. Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстан республикасында кез келген дінді ұстануға рұқсат етілген, мемлекет әркімнің дін ұстану бостандығын құрметтейді және құрметпен қарайды.

Елдің тұтастығы мен халық татулығы үшін елеулі үлес қосып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы бірінші наурызда құрылған болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы жарлық шыққан сәттен бастап бірлестік ел татулығы үшін тынбай еңбек етіп келеді. Бірлестіктің құрылтайшысы және төрағасы қызметін Қазақстан республикасының президенті, конституциямыздың кепілі мемлекет басшысы атқарады. Қазақстан аумағында қазіргі сәтте жүзден аса этнос өкілдері өмір сүріп жатқанын жоғарыда айттық. Кең-байтақ қазақ даласы елдегі әр ұлттан құралған жиырма миллион тұрғынның ортақ шаңырағы саналады. Осы ортақ шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан әрбір қазақстандық азамат достық пен татулықтың қадірін бір кісідей біледі. Соны сақтау үшін қолдан келгенін жасауға әрбір қазақстандық дайын екенін де айтып жүрміз. Мұндай әдетті Қазақстан жұрты ғасырлар бойы көзқарашығындай сақтап келеді, дәл қазіргі ұлттық татулық пен береке-бірлікті келесі ұрпаққа аманаттап қалдыруға әрбір қазақстандық міндетті екенін ерекше еске саламыз.

Дәстүрлі дінге қайшы ағымдарды қоғамда деструктивті немесе теріс пиғылды діни ағымдар деп атайды. Яғни, «деструктивті» деген сөз латын тілінен «құлату», «қалыптасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді. Жалпы айтсақ, діннің атын жамылған жат ағымдардың/топтардың мүшелері діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар жастарымызды өз қармақтарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Отанына, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды. Тіпті, өздерінің істеген істерін және сөйлеген насихат сөздерін дәлелдеу мақсатында Қасиетті Құран мен хадистерден мысал келтіріп, жастардың санасын улап, жат идеологиясын таратады. Бұл деструктивті ағымның радикалды идеологияны таратудағы мақсаты екі түрлі: бірінші – заңсыз жолмен пайда табу; екінші – мемлекет мүддесіне нұқсан келтіріп, билікті басып алу.

Бүгінде, асыл дінімізбен мүлдем жанаспайтын  жат ағымдар жетегінде кеткен қаншама қандастарымыз өз жақындарынан, достарынан теріс айналып жатқаны баршаға мәлім. Мұндай түрлі жат ағымдардың жетегіне ерген жас азаматтарымыз балаларына тиісті медициналық екпе ектіруден бас тартып, мектептегі сабақтарын тастап, мектеп жасындағы ұл-қыздардың музыка тыңдауына – қарсылық білдіріп, мемлекеттік әнұранды тыңдауды және туға құрмет көрсетуді харам дейтіндер де бар. Осындай бір ағымдардың теріс пиғылды уағыздарының салдарынан еліміздегі кейбір ұл-қыздарымыз отбасы мүшелерінен, үй-меншіктерінен айырылып, түрлі психикалық ауруларға шалдығып, өз-өзіне қол салып, әр түрлі жағымсыз жағдайларға тап болып жатқандарын да жоққа шығаруға болмайды.

Айта кетерлік жәйт, деструктивті ағымдардың жетегінде кеткен жастарды, жалпы адамдарды қоғамға қайтару аса қиынға соғады. Себебі олардың сана-сезімдерін уландырғаны соншама, олар кірген жат ағымның «көсемі» не айтса, соны екі етпей орындайтын жанды роботқа немесе сарбаздарға айналады.

Осындай қателіктерге жастарымызды ұрындыратын ең басты себеп – ара жікті ажырата алмау салдарынан ғаламтор кеңістігіндегі түрлі жат ағымдардың сайттарына кіру, діни сауатсыздық, отбасындағы жанжалдар мен келіспеушіліктер және тәрбиенің жеткіліксіздігі.

Қазіргі таңда, уәкілетті мемлекеттік органдардың деструктивті ағымдарға қарсы белсеңді күрестері мен алдын алу шаралары нәтижесінде көптеген радикалды сайттарға тосқауыл қойылып жатыр, сондай-ақ еліміздің түрлі оқу орындарында жасөспірімдердің діни сауатын арттыратын арнайы ақпараттық-насихаттау жұмыстары мен оқу-ағартушылық сабақтары өткізілуде. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның және ҚР МСМ Дін істері комитетінің бастамасымен әр алуан ағартушылық сайттар мен порталдар іске қосылды, әр қилы деструктивтік ағымдардың салт-дәстүрімізге, дінімізге және ділімізге тигізетін зардаптары жайлы тиісті органдар мен дін өкілдерінің қатысуымен республикалық және аймақтық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында (телеарналарда, газеттерде және т.б.) арнайы сұхбаттар жүргізілуде.

Қорыта келе, ақпараттық кеңістіктегі түрлі діни сайттардың жұмысын қадағалаумен бірге, жастарымызды мұндай олқылықтардан сақтандыру үшін барынша, жұмылған жұдырықтай атсалысып, тәрбие мәселесіне басты назар аударуымыз қажет. Өйткені, жас ұрпақты тәрбиелеу – әр ата-ананың борышы. Осы ретте, жастарға қоғамның да, қоршаған ортаның да ықпал ететінін ескеруіміз керек. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмайсың» деген халқымыздың аталы сөзі бекер айтылмаған. Сондықтан да балалардың бойына жастайынан ізгілік, имандылық, отансүйгіштік, қайырымдылық, кішіпейілділік, адалдық секілді қасиеттерді сіңіру мен тәрбиелеуде отбасы маңызды рөл атқарады. Демек, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, баланы балабақшадан бастап тұлға ретінде қалыптастыруға, мектеп қабырғасында тілімізді, мәдениетімізді қастерлеуге, жоғарғы оқу орындарында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге үйретуіміз қажет. Тек сонда ғана осындай теріс пиғылды діни ағымдарға бөгет қоя аламыз.

Себебі, біздің халқымыздың мақсаты – ынтымағы мен бірлігін сақтап, бейбіт өмір сүру.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер