Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов Мақтаарал ауданы тұрғындары арасында «Ұлтты сүю түсінігі. Ұлтшылдық және ұлтжандылық», «Діннің қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді реттеуде алатын орны» тақырыптарында кездесу жиналысын өткізді.
Жиналысқа «Қоғамдық келісім» КММ Мақтаарал аудандық филиалы, Иіржар ауылдық округі әкімі, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, «Абду әкім» мешітінің имамдары, ауыл билері, аудан ақсақалдары, Жастар ресурстық орталығы, Ішкі саясат бөлімі мен Мақтаарал ауданының белсенді тұрғындары қатысты.
Х.Исақов жиналған аудан тұрғындарына жиналысқа келген азаматтарды таныстырып, күн тәртібіндегі мәселеге қысқаша тоқталып, ұлтшылдықтың ауқымы кең, ол саяси, қоғамдық немесе мәдени сипаттағы қозғалыс емес және ұлттық өмірдің барлық саласын қамтитынын, саяси режімдер ауыса береді, экономика да сан алуан жолдармен дамиды, ал ұлт өзінің ерекшеліктерін сақтап, қоғамдық өзгерістерге бейімделе отырып өмір сүруін жалғастырады, осылайша жиналыста ұрпақ алмасу, мәдени мұраны үзбей, ұлттық болмысты жоғалтпай болашаққа қадам басу жүзеге асыру керектігін айтып өтті.
Сонымен қатар ашық диалог форматында өткен жиында қатысушылар өздерінің көкейіндегі сауалдарын қойып, пікір алмасты.