«Салауатты сана» жобасы аясында жиын өтті

image.png

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Сауран  аудандық Аналар кеңесінің ІІІ тоқсандық отырысы өтті. Аталған кеңес отырысы  Майдантал  ауылдық округіндегі «Әйтеке би атындағы жалпы білім беретін мектебінде  өтті.Майдантал  ауылдық округ әкімі  Ж.Досболов, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Сауран  аудандық Аналар кеңесінің төрайымы  Н.Жұманова  және кеңес мүшелері, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің  Сауран  аудандық филиал  қызметкерлері, аудандық  "Қамқорлық" орталығының» психолог маманы  С.Раметова, ауылдық округ  әжелер,аналар кеңесі төрайымдары К.Бексейтова,  П.Майдан және ауылдағы жас аналар  қатысты.

 Күн тәртібінде : "Салауатты сана" жобасы аясында қоғамның бес кеселімен жүйелі күрес  жүргізу, нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу туралы, түсіндірме жұмыстарын жүргізіу тақырыптары қаралды.

 Отырысты ауылдық округ әкімі Ж.Досболов ашып беріп, аналар, әжелер  кеңестерімен  әлеуметтік кеселдермен бірлесіп  жұмыс атқаруға дайын екендігін, ауылдағы аналарға жеке  кәсіппен  айналысуға шақырып істеріне  сәттілік  тіледі. Жиынды Аналар кеңесінің төрайымы Н.Жұманова жалғастырып әлеуметтік кеселдермен күресу туралы, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп  жобаны таныстырды. Алдағы атқарылатын жоспарларға тоқтала келе  еркін форматта өз ойларын ортаға салуларын сұрады. Психолог маман С.Раметова : Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік, нашақорлық, құмарпаздық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ысырапшылдық сияқты  кеселдерге тоқталып,  жұмыс барысында  күнделікті жұмыс жасап жүргендерін, мазалап жүрген мәселелер болса көмек беруге дайын екендігін жеткізді.

Жиын соңында  Сауран  аудандық Аналар кеңесінің төрайымы  Н Жұманова  елде татулықты сақтау, жоғарыда аталған кеселдерге  жол бермеуге, бірлесіп жұмыс жасауға  шақырып, жиынға қатысушыларға, дендеріне саулық, еңбектеріне табыс тіледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер