Этнос жастары арасында спорт жарыстары өтті

image.png

Бүгін Ақсукент ауылында орналасқан «Қайрат» спорт кешенінде "Қоғамдық келісім" КММ-нің Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Германиядағы кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Сайрам аудандық филиалының төрағасы  Нурлыбай Бердикулов бастаған бір топ ардагерлер мен этнос жастарының қатысуымен кіші футбол, арқан тарту және қол күрестен спорттық шара өтті.

 Мақсаты: Жастарды  салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Достыққа, ынтымаққа  үндеу Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Жастардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.

  Шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы: Тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда Спорт күні атап өтіледі. Бұл күнді атап өту бірінші кезекте спортты дамытуға және азаматтарға салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Спорт – бұл адамның денсаулығын бекемдеп, жұмысқа қабілеттілігін арттырудың ең қолжетімді тәсілдерінің бірі. Спорт және дене шынықтыру қоғам мәдениетінің табиғи бөлігі - деді.

 Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және  спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Бауыржан Асқаров өз сөзінде: Қазақстанның дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі – бұқаралық спортты дамыту. Халық арасында бұқаралық спортты насихаттау салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады- деп спорттық шараға  қатысушыларға сәттілік тіледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер