Ата Заң - асыл мұраттар бастауы

image.png

Сауран аудандық әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен  азаматтардың оатнсүйгіштікке баулу мақсатында «Ата заң – асыл мұраттар бастауы» атты іс-шара өтті. Шараға аудан әкімінің кеңесшісі Мұхамеджан Жұмадуллаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» кеңесінің төрағасы Тілес Ақай, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек қатысып, жиналған көпшілікті Қазақстан Республикасының Конституциясының 29 жылдығымен құттықтап, Ата Заңымыздың айбары асқақтай берсін деп игі тілектерін білдірді.

1995 жылы 30 тамызда өткен бүкілхалықтық референдумда Қазақстан халқы өзінің жаңа конституциясын қабылдады. Конституция - мемлекет негізінің іргетасы. Конституция бүгінде мемлекетімізді мекендейтін халықтардың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі болып отыр. Ата заң аясында Қазақстан әлем елдері алдында экономикалық реформалар жүргізу мен демократиялық қоғам қалыптастыруда, түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруі және әлеуметтік мәселелердің оң шешім табуына серпін беріп келеді.

Мерекелік жиында әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен концерттік бағдарламасы жиналған көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен бірге, аспазшылардың қолдарынан жасалған түрлі тағамдар, тігіншілердің құрақ көрпелері, қыз жасау және қолөнер бұйымдары, шаштаразшы қыздардың шаш үлгілері тамашаланды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер