Тіл мерекесі аталып өтті

image.png

Қазақстан халқы тілдері мерекесі, бұл күн – “Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл” деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, аудандық Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде өткен мерекелік іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы, «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің қызметкерлері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының жанындағы аудандық ақсақалдар, аналар кеңесінің мүшелері және этнос жастары қатысты.

Мерекелік іс-шарада Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Қабылбеков және ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі Әлібек Байназар қалың қауымды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 

Мерекелік дидарласу тіл мен рух туралы, отаншылдық туралы әндерге, өлеңдерге ұласты. Мың бұралған билер мен флешмоб жиынға келгендерді ерекше күйге кенелтті. 

Сонымен қатар,  №5 М.Горький атындағы жалпы білім беру мектебінде «Тілім менің ғасырларға аманат» тақырыбында мерекелік іс-шарасы жалғасын тапты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағаштықтар қолдау білдірді
  • Зиялы қауым өз ойларын ортаға салды
  • Жетісайлықтар да қолдайды
  • Күн тәртібіндегі мәселелер қозғалды
  • Жастар арасында этноквест өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер